Өмірге келген әр адамның саналы түрде мақсаты болуы заңды.Ұлы Абай сөзімен айтқандай, «Сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан». Қандай орынды айтылған сөз дәлелді пікір. Мағынасына туралап қарап мән берсең Абай-ақын адамдарды алға ұмтылдыруға, өмірді бос мағынасыз өткізбеуге шақырып отырған жоқ па? Өмір баспалдақтары адам баласын жетелей отыра мақсат-мүдделерін де өзгертіп, жаңартып отырады. Мұның дәлелі мен өзімнің бір мақсатым мамандық таңдап мұғалім болып отырмын. Ендігі мақсатым еңбектің шыңына жету. Өзімнің тәрбиелеп отырған студенттердің жандарына жылылық ұялатып, тәлім-тәрбие бере отыра, білім нәрімен сусындатсам-ол мақсатымның шынырау шыңы.
Тағы да аталы сөз-Абай сөзі еске түседі. Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға. Дана ақынның көрегенділігі, дара тұлғаның болжампаздығы. Ұстаз-мәңгі қартаймайтын тұлға, ұмытылмайтын есім. Ұстаз-үлгі, ұстаз сабақ. Білгенге маржан демекші білгеніңді білмегенге үйреткен, құлағына құйып,зердесіне құйған-ол ұстаздың міндеті. Мақсаты сол шәкірті білімді болып, саналы болып тәрбиеленіп жатса, ұстаздың бақытына бақыт қосыла береді. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі — маңызды мәселелердің бірі. Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан—2030» Қазақстан халқына арнаған Жолдауында “Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағын жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады ” деп көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш — білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы — бүгінгі мектеп оқушылары және колледж студенттері. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіңдіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту — бүгінгі күннің өзекті мөселесі. Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы өкілі ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. өмірде оқыту, өмірге үйрету. Тәрбиелеу, оқыту – егіз ұғым. Оқыта отырып тәрбиелейміз, тәрбиелей отырып оқытамыз. Оқыту тәрбиеге қарағанда нақтылау. Оқыту үйрету арқылы іске асады. Бұл оқытудың маңызы. Оқыту– тәрбиенің құрамды бөлігі, қайнар көзі, жүйелі түрі. Оқьпу арқылы тәрбиенің саналылығын, руханилығын, әсемділігін, әсерлігін, адамгершілікке баулу жолын, еңбекшілдігін, т.б. айқындап толықтыруға болады. Оқыту – тәрбиенің интеллектуалды түрі. Оқытудың инновациялық технология бойынша әдістемелік жүйесі, осы мақсатта сапалы нәтижеге жеткізуге мүмкіндік беретін танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнымен тікелей байланысты. Сондықтан инновациялық әдіс-тәсілдерді оқыту үрдісіне енгізу барысы танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнын, белгілі деңгейде белсенділігін көздейді. Осы екі үрдістің өзара сапалы нәтижесінде оқушының өз ісіне сенімділігін, жауапкершілік сезімін, шығармашылық қабілеттілігін қалыптастыру мақсатын жүзеге асыруға жағдай туғызатын оқытудың инновациялық негізгі түрлері анықталады. «Білім берудегі ақпараттық - коммуникативтік технологиялар» ұғымы «оқытудың жаңа инновациялық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т. б. тіркестермен тығыз байланысты. Интерактивті құралдар және компьютер арқылы жүргізіліп жатқан оқыту үдерісі оқушылардың жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға бейімдеп, нәтижесінде олардың өз кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашу керек. Бүгінгі күн ақпараттық қоғам аймағында мұғалімдердің компьютерлік оқыту ісін дамытатын және олардың ойлау қабілеттерін қалыптастыратын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологияларды тиімді деп санауға болады.
оқытушысы: Шокимова А.М