АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Психологиялық қызмет "POSITIVE"

Ұжымда, оқуда  немесе күнделікті өмірде студенттердің әрдайым жақсы көңіл-күйде болып, топта  жағымды психологиялық ахуал орнату, өзара қарым - қатынас қабілеттерін дамыту – оқу барысындағы психологиялық қызметтің негізгі міндеттері болып табылады.

Көкшетау қаласы, жоғары техникалық колледжінде студенттердің оқу барысындағы психологиялық жағдайының тұрақты болуын қамтамасыз ету мақсатында «Positive» атты психологиялық қызмет көрсету жұмыс жасайды.  Оқуда және ұжымда өзін жеке тұлға ретінде сезінуі үшін жағдай жасау, қоғамдық және кәсіби тұрғыда қалыптасуын қамтамасыз етуде   «Релаксация және өзін-өзі реттеу» кабинеттері студенттер мен колледж қызметкерлері үшін қызмет атқаруда.

Студенттерге жан-жақты көмек ретінде, колледж әкімшілігі, мұғалімдер,студенттер мен ата-аналардың бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасауын ұйымдастыру колледждің психологиялық қызметінің негізгі мақсаты болып табылады.

.

 

 Колледждегі психологиялық қызметтің міндеті:

·        Студенттердің жеке қызығушылықтары мен талаптарын ескеру

·        Рухани көмек қажет ететін студенттерге алғашқы көмек көрсету, студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың күйзеліс жағдайының мәселелерін шешу

·        Студенттердің дамуы,тіл табысуы, және психикалық жағдайларында туындаған пролблемаларын шешу мақсатында әр студенттердің психологиялық-педагогикалық деңгейінің ерекшелігін шешу

·        Психологиялық денсаулығын сақтау және нығайту

·        Студенттердің әлеуметтік және кәсіби дайындығын дамыту

·        Әлеуметтік бейімделуге көмектесу, студенттердің бейімделу кезіндегі психологиялық жағдайына жіті көңіл бөлу

·        Студенттің жаңа ортаға тезірек қалыптасуына жағдай жасау

 

Психологиялық қызметтің негізгі жұмыс бағыттары, міндеттері және оны жүзеге асыру түрлері :

Психологиялық диагностика - жеке тұлғаның , яғни студенттің  дара және жас ерекшелігін, тұлға аралық қарым-қатынасын зерттеу.

Психологиялық ағарту (профилактика)  – тұлғаның психикалық және тұлғалық дамуын кездесетін сәтсіздіктерге ескерту жасау, педагогтарды, ата-аналарды психологиялық біліктілігін арттыру.

Психотүзету (психокоррекция) және дамыту-студенттерді жеке тұлғалық дамуындағы психологиялық ауытқуларынан арылту, түрлі жағымды іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру жалпы оқу дағдысымен біліктілікті дамыту.

Психологиялық кеңес (консультация) жүргізу- педагогикалық үрдістердегі қатысушыларға мәселелерді,оқу-тәрбие үдерісінде туындаған проблемаларды шешуге көмек көрсету.

Әдістемелік жұмыс – біліктілік деңгейін арттыру, колледж сайтына мақалалар  шығару, сайыстарға қатысу, ғылыми-зерттеу қызметі.

 

 

 «Денсаулық және өмірлік дағдысын  қалыптастыру, кәмелетке толмағандар арасында суицидтың алдын алу» бағдарламасын енгізу аясында Қазақстанның әр өңірінде «Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандар арасында суицидтың алдын алу жобасын мезгілімен енгізу туралы»  2015жылғы 02.03. № 95 ҚР  Білім және ғылым министрлігінің, 2015жылғы 27.02. № 102 Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, 2015жылғы 11.03. № 201 ҚР Ішкі істер министрлігінің  Бірлескен бұйрығымен  белгіленген.

Бағдарламаны іске асыру іс-шаралары  2015-2020 жылына  ҚР отбасылық қарым-қатынас, моральдік-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтар мәселесі бойынша жалпыұлттық іс-шаралар жоспарына енгізілген. Бағдарламаның мақсаты – мамандарды  негізгі ақпаратпен және жасөспірімдердің суицидтік тәуекелділігіне баға беру  ұсыныстарымен қамтамасыз ету, оларды емдеу, жасөспірімдердің суицид жасау ықтималдығын азайту  бойынша білімдерін күнделікті практикаға енгізу. Колледждің «Positive» психологиялық қызмет көрсету саласы осы бағдарламаны жүзеге асыру бойынша жұмыс жасайды:

-колледж педагогтарымен арнайы білім беру сабақтары өткізілді;

-стендтер ресімделді;

-ата-аналар жиналысын өткізу кестесі құрастырылып, ата-аналар жиналыстары өткізілді;

-бірінші курс студеттеріне арнайы үш реттік сабақтар өткізілді;

-кәмелетке толмаған студенттер арасында жасөспірімдердің суициалды тәуекелділігін анықтау мақсатында сауалнамалар өткізілді;

 Бұл бағдарлама және ұсынылған таратпа материалдар студенттерге туындаған проблемалық жағдайларды жеңіп, дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.  

 

Үйреншікті мектебі мен қалыптасқан ортасынан шығып, жаңа оқу орны, жаңа орта, жаңа тұрмыс салты  жас ұлдар мен қыздар үшін қиынға соғып, мазасыздық күйге түсіретіні белгілі. Бұл кезең бейімделу кезеңі екені баршамызға мәлім. Қазіргі заманның талабы, жас ұрпақты жеке тұлға етіп тәрбиелеу, ол тұлғаның дүниетанымы кең, өзін — өзі қоғамда, өзі білім алып жатқан оқу орнындағы ұжымда бақылай алатын және кез-келген ортада өз-өзін таныта білетін болуы қажет. Бұл міндеттер баланың сол оқу орнына бейімделуімен тығыз байланысты.

Бірінші курс білім алушыларының колледж өміріне қалыптасу кезінде жақсы ойластырып, ұйымдастырылған жұмыс жас шебердің кәсіби қалыптасу ісінде елеулі жетістік әкелетіні белгілі.

         Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінің «Positive» психологиялық қызметі  бірінші курс студенттерінің колледж өміріне қиындықсыз және сәтті бейімделуі мақсатында :

  • Студенттердің бейімделу, мазасыздық күйін анықтау үшін диагностикалық сауалнамалар жүргізу және олардың қортындысымен жұмыс жасау;
  • Әрбір топта студенттер арасында ұжымшылдықты қалыптастыру, жағымды психологиялық ахуал орнату, мазасыздық деңгейін төмендету мақсатында достық, сүйіспеншілік, позитив тақырыптарына тренингтер, ойындар өткізу;
  • Өткізілген сауалнамалар немесе зерттеулер нәтижесі негізінде топ жетекшілеріне, ата-аналарға ұсыныстар беру;
  •  «Денсаулық және өмірлік дағдысын  қалыптастыру, кәмелетке толмағандар арасында суицидтың алдын алу» бағдарламасы аясында бірінші курс студенттері арасында баланың суицидтік тәуекелділігін анықтау мақсатында сауалнама өткізу;
  • Студенттерге жүргізілген сауалнамалардың қортындысы бойынша ұсыныстар немесе кеңестер беру және т.б.  жұмыстар ұйымдастырылып, жүргізіледі.

 

Көкшетау жоғары техникалық колледжі жанында №1 және №2 екі студенттер жатақханасы орналасқан. Мұнда студенттерге арналған «Психологиялық өзін-өзі реттеу» кабинеттері жұмыс істеп тұр. Мақсаты:  Студенттің жатақханада әлеуметтенуі үшін психологиялық жағдай жасау. Кәсіби және тұлғалық қалыптасуын дамыту,достық сезімдерін қалыптастыру.

 

 

Міндеті:

·        Студенттердің жеке қызығушылықтары мен талаптарын ескеру

·        Әлеуметтік белсенділігі мен мінез-құлқының үйлесімділігін қалыптастыру

·        Психологиялық денсаулығын сақтау және нығайту

·        Студенттердің әлеуметтік және кәсіби дайындығын дамыту

·        Әлеуметтік бейімделуге көмектесу, студенттердің бейімделу кезіндегі психологиялық жағдайына жіті көңіл бөлу

·        Студенттің жаңа ортаға тезірек қалыптасуына жағдай жасау

 

Жатақханада тұратын студенттерге психологиялық көмек көрсету мақсатында арнайы бағдарлама құрылып, жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылады.  

Жаңартылған күні: 26.03.2019 16:26
Құрылған күні: 18.11.2021 11:55

Текст