АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі» МКҚК 2023 жылғы есебі.

1. Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі» МКҚК. Заңды мекенжайы: Көкшетау қаласы, тәшенов көшесі 115.

2. Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінде 7 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

  • Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау»;
  • «Техникалық және кәсіптік білім туралы телнұсқалар беру»;
  • «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімін аяқтамаған адамдарға анықтама беру»;
  • «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау»;
  • «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру»;
  • «Азаматтардың жекелеген санаттарына, сондай-ақ қамқоршылықтағы және патронаттағы адамдарға, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне тегін тамақ беру»;
  • «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру».

2023 жылы Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжімен 1758 қызмет көрсетілді:

         «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген - 44 қызмет;

электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер - 752 қызмет;

Қағаз нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 962 қызмет.

 Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны - 0.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі. Тегін негізде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-1758.

         3. Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер :

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау»;

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру»;        

«Азаматтардың жекелеген санаттарына, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне тегін тамақ беру»;

«Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру».

         4. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған http://pt0008.kokshetau.aqmoedu.kz Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінің «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған.

Тиімділік және қолжетімділік мақсатында колледжде «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» жұмыс істейді.

      Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру және қолжетімділік мақсатында колледжде көрнекі ақпараты бар стендтер, Eqov mobile стендтері, «Цифрлық құжаттар» сервис бөлімі (ережелер, ҚР ӘМ Құқықтық ақпараттық қызметі бойынша брошюралар, телефон нөмірі көрсетілген «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мемлекеттік бақылау» және т.б.) орналастырылды.

2023 жыл ішінде халықты мемлекеттік қызметтер көрсету туралы хабардар ету үшін әлеуметтік желілерде ( Facebook, Instagram), колледж сайтында бірнеше рет тиісті материалдар жарияланды.

            Ай сайын «Ақмола облысының Білім басқармасы» ММ құқықтық жұмыс және мемлекеттік қызметтер көрсетуді талдау бөліміне 7 мемлекеттік қызметтің ішкі мониторингі бойынша жұмыс туралы есеп беріледі.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жүзеге асырылады. Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжі нормативтік құқықтық актілерді әзірлемеген.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар.

2023 жылы Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжі әлеуметтік желілерде, колледж сайтында Мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен мүмкіндіктері туралы 1 мақала жариялады: https://www.facebook.com/photo/?fbid=1639362259890353&set=a.185439438615983 = - 27. 09. 2023 жыл;

https://www.instagram.com/p/CxsZ_y0s965/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA= = 27.09.2023 жыл ; http://pt0008.kokshetau.aqmoedu.kz -колледж сайты.

 1 рет тікелей эфир өткізілді - 03.04.2023 жыл

https://www.instagram.com/reel/CqkoOcPD3Ra/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==.

   Ай сайын халықты колледждің сайты, көрсетілетін қызметті берушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету бойынша жұмыс жүргізіледі.

         Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінде қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 4 қызметкер мемлекеттік қызмет көрсетеді, 2023 жылы 3 қызметкер мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

Колледжде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ҚР ЖП ММ АЖО Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің жүйесі жұмыс істейді.

Колледжде «College Smart Nation» ақпараттық жүйесінде 7 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды.

Сонымен қатар, «College Smart Nation» ақпараттық жүйесі оқу процесін цифрлық форматта автоматтандыруға мүмкіндік берді: талапкерлерден құжаттарды қабылдау, оқуға қабылдау, оқудан шығару туралы бұйрықтар; оқу жоспарлары, журналдар.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінде мемлекеттік қызметтер көрсету нормативтік құқықтық құжаттарға сәйкес жүргізіледі.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

2023 жылы «Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі» МКҚК мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуына және сапасына шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бекітілген бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес 2023 жылғы 14 ақпанда мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша бақылау іс-шарасы өткізілді . Бұзушылықтар анықталған жоқ.

         3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.

2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган Көкшетау қаласының жоғары техникалық коллед4) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері жінде Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жүргізген жоқ.

         4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.

Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінде бұзушылықтар анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтердің бұзылуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

5. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылға Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.

2024 жылы Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі» МКҚК жеке тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғастырылады.

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 05.04.2024 12:17
Құрылған күні: 05.04.2024 12:17

Текст