АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

СПОРТ

Көкшетау қаласы, жоғары техникалық колледжде салауатты өмір салтын дамыту және спортпен шұғылдану үшін барлық жағдай жасалған. Айта кетсек, заманауи материалды-техникалық база, біліктіліктері жоғары оқытушылар құрамы және колледж ұжымының салуатты өмір салтын қалыптастыруға деген оң қөзқарасының қалыптасуы.

Студенттер мен оқытушылар 4 спорт залында, ашық футбол алаңында, тренажер залында, шахмат клубында, тоғызқұмалақ клубында, үстел теннисінде, волейболдан, баскетболдан, шағын-футболдан  ашық спорт алаңдарында дене тәрбиесімен шұғылдануға мүмкіндіктері бар.

Колледжде дене тәрбиесі-сауықтандыру және спорттық жұмысты біліктілігі жоғары мамандар жоғары және 1-ші санатты жаттықтырушы-оқытушылар  еңбек ететін дене тәрбиесінің оқу-әдістемелік бірлестігі басқарады.

Біздің оқу мекемемізде студенттердің сүйікті спортымен шұғылдануға мүмкіндік беретін әр түрлі спорт түрлерінен 11 секция жұмыс істейді. Студенттердің бір бөлігі қаланың және облыстың арнайы спорт секцияларында спортпен айналысады.   Салауатты күндер ұйымдастырылып, «Студенттер нашақорлыққа қарсы!», «ЖИТС – індетіне жол жоқ» атты түрлі шаралар өткізіледі.

Дене тәрбиесі ОӘБ оқытушылары жыл сайын алуан спорт түрлерінен студенттер арасында, сондай        -ақ оқытушылар мен колледж қызметкерлері арасында жарыстар ұйымдастырады. Колледжде волейбол, баскетбол, үстел теннисі, шахмат пен шашки, «қазақша күрес» ұлттық ойыны, шағын-футбол, тоғызқұмалақ, пауэрлифтинг, қысқы президенттік күрес, дарст сияқты спорт түрлері жоғары деңгейде дамыған.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және Жастар жылы аясында студенттер арасында түрлі спорттық жарыстар өткізілуде. ЖТК-К жиынтық командалары жыл сайын колледждер мен ЖОО студенттері арасында бірнеше спорт түрлерінен, яғни баскетбол, үстел теннисі, волейбол, шаңғы жарыстары, гирь көтеру жарысынан қалалық «Сұңқар» универсиадасына және облыстық «Кезең» спартакиадасына , сондай-ақ күзгі және жазғы жеңілатлетикалық кросстар мен эстафеталарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Біздің студенттер республикалық және халықаралық жарыстардың қатысушылары. Спортшы-студенттер – колледждің мақтаныштары. Олардың арасында Әлем және Азия чемпионаттарының, сондай-ақ Халықаралық және Республикалық жарыстардың жеңмпаздары бар. 

Жаңартылған күні: 14.03.2019 15:08
Құрылған күні: 14.03.2019 15:08

Текст