АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қашықтықтан оқыту

Қатерлі індеттің таралуына байланысты елімізде төтенше жағдай жарияланған соң, ағымды жылдың 16 наурызынан бастап Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледж» МКҚК инженерлік-педагогикалық қызметкерлері мен студенттері қашықтықтан оқу жүйесіне ауысты.

Қашықтықтан оқыту – білім алушы мен педагог қызметкерінің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту екені баршаға мәлім.

         Қашықтықтан оқыту жүйесіне көшкенмен сабақтар оқу кестесіне сәйкес өтіп жатыр. Сабақтар мен өндірістік оқыту ААЖ (АИС), Zoom платформасын, сондай-ақ Bilimland, WhatsApp, ЦББР (ЦОР)  арқылы өткізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта оқу процесін ұйымдастыруға байланысты мәселелер бойынша тынымсыз түсіндірме жұмыстарын колледж әкімшілігі мен әдістемелік қызметі жүргізіп жатыр.  Негізгі міндеті - қашықтықтан оқытудың сапалы жүйесін құру. Шынында да, қазір мұғалімге көмек пен қолдау бұрынғыдан да қажет. Әдістемелік бөлімі білім беретін платформаларды, әртүрлі каталогтар мен видео сабақтар, онлайн дәрістер, оқу материалдары, интерактивті сабақтар, видео дәрістер орналастырылатын сайттар ұсынады.

Пандемия кезеңінде ТжКБ ұйымдарында қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану арқылы оқу процесін ұйымдастыруға арналған нұсқаулық. http://kasipkor.kz/?p=9565&lang=kz, Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану бойынша нұсқаулық http://kasipkor.kz/?cat=152&lang=en, Мемлекеттік білім беру қызметтерінің тізімі http://kasipkor.kz/?cat=154&lang=kz, КжТБ мамандықтары бойынша қашықтықтан оқыту технологиясын қолдануға арналған видео оқулықтар, электронды оқулықтар және қосымша материалдар каталогы http://kasipkor.kz/?page_id=9317&lang=en

Оқытушылар мен студенттерге арналған қашықтық конкурстары: Сіздерді Республикалық виртуалды олимпиадаға шақырамыз! http://vk-sova.3w.kz/documents/index/index, «Үздік инновациялық сабақ – 2020» республикалық конкурсына қатысуға шақырады. http://vk-sova.3w.kz/documents/index/my, Ұстаздарға арналған «ШЕБЕР ПЕДАГОГ-2020» байқауын және республикалық журналға жеңілдікпен материалдар жариялауға шакырамыз! https://vk-sova.3w.kz/documents/read/id-1796, Оқытушылар мен студенттерге арналған республикалық онлайн-конкурстар http://vk-sova.3w.kz/documents/index/index..

Жаңартылған күні: 27.04.2020 17:46
Құрылған күні: 28.04.2020 12:31

Текст