АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жатақхана

   Көкшетау қаласы, жоғары техникалық колледждің қарамағында 500 орынды 2 студенттік жатақхана бар. №1 студенттік жатақхана бұл – 180 орынды, Ташенова к-сі 113 мекенжайы бойынша орналасқан бес қабатты ғимарат. Осы жатақхана 2016 жылы құрылды.

   Жатақхананың студенттік бөлмелері екі-алты адамның тұруына арналған. Студенттердің ыңғайлы тұруы үшін жатақхананың тұрғылықты бөлмелері қажетті жиһаздармен жабдықталған. Қажетті жабдықтармен (тоңазытқыштар, мұздатқыш камералары, электр плиталар, ыстық су  және суық су) қамтылған ас бөлмесі бар. Сондай-ақ студенттердің демалуына арналған теледидары бар арнайы бөлме бар. Заманауи оқыту жағдайларын тудыру мақсатында студенттік жатақханада Ғаламтор жұмыс істейді.

   Колледж әкімшілігі студенттердің өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін үнемі жұмыс істейді. №1 жатақхана ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.

   320 орынды №2 студенттік жатақхана Ж.Жабаева к-сі 144 мекенжайында орналасқан. 2018 жылдың қыркүйек айында жатақханаға күрделі жөндеу жұмысы жасалды.

   Жатақханада жуынатын бөлмелер, кір жуатын автомат машиналар бар, ас бөлмелер электр плитасымен жабдықталған. Мәдени және спорттық шаралар өткізу үшін жатақхананың залдарында, оқырмандар залында теледидарлар, музыкалық орталықтар, теннис үстелдері орналастырылған.

   Студенттердің ыңғайлы тұруы үшін қажетті жиһаздармен жабдықталған жарық, әрі жайлы екі және үш орынды бөлмелер бар. Демалу үшін плазмалық теледидармен жабдықталған жайлы қонақ бөлмесі бар.

   Ауылды мекендерден келген студенттердің барлығына жатақханадан орын ұсынылады. Жыл сайын жатақхана студенттері Студенттер кеңесін құрады. Студенттік кеңес студенттер мен колледж әкімшілігі арасында байланыс орнататын буын ретінде жұмыс істеп, жатақханада өзін-өзі ұстау, жиһаздарды бүлдірмеу, студенттердің бір-бірін сыйлауға баулиды, сондай-ақ жатақханада сенбіліктер, кезекшіліктер ұйымдастырады. Жатақханаларда тәрбие жұмысының жүйесі қалыптасқан, оған тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары, 2 жатақхана меңгерушілері, 6 жатақхана тәрбиешілері, 3 педагог-психологтар, жатақхана студенттік кеңесінің мүшелері, дене тәрбиесінің оқытушылары, медициналық қызметкерлер, топ жетекшілері қатысады. Жатақханада студенттерге түрлі психологиялық тренингтер, әңгімелесу, кеңес беру жұмыстарын жүргізу үшін педагог-психологтар арнайы психологиялық бөлме әзірледі.

   Студенттік жатақхана арнайы видеокамералармен жабдықталған. Жатақхана ғимараттарына жеке күзет фирмасы қызмет көрсетеді. Олардың көмегімен жатақхананың кіру-шығу есіктері, аумағы тәулік бойы бақылауға алынған. Екі жатақханада да студенттердің жатақханаға кіруіне рұқсат беру тәртібі сақталып, жатақханаларда тұру Ережелері қатаң сақталады.

 

 

 

Жаңартылған күні: 07.03.2019 12:40
Құрылған күні: 19.11.2021 12:48

Текст