АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Үгіт-насихаттау және мансап

Құрметті 2019 оқу жылының түлектері!

Сіздердің  алдарыңызда ең маңызды  таңдау тұр. Ол- өз қабілеттеріңізге сай, сізге  ұнайтын мамандықты таңдап, жылдам өзгеретін әлемге қажетті және сұранысқа ие  болып табылатын мамандықты таңдау.

Көкшетау жоғары техникалық колледжі Сізге  заман талабына сай қажетті мамандық алып шығуға көмектеседі. Біздің оқу орнымыз Ақмола облысындағы техникалық және кәсіптік білім берудің ең ірі орталығы болып табылады. Бүгінгі таңда  колледжде екі мыңнан астам студент  білім алып  отыр. Колледж 24  түрлі мамандық бойынша жастар мен ересектерді дайындайды. Бүгінгі күні құрылыс, жол, машина жасау, автомобиль, тау-кен, полимер өндірісі, ақпараттық технологияларды басқару, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сервис және қызмет көрсету секторы үшін мамандарды дайындау бойынша жетекші оқу орны болып табылады.

 Сіздерді алдарыңызда көптеген қызықты істер күтіп тұр, сіз жаңа білім беру тәжірибесіне бағдарланған стандарттар бойынша мамандыққа үйренесіз. Сонымен қатар, білім беру мазмұны ел экономикасының нақты міндеттеріне  сай, оқу үрдісінде  жаңа  технологиялық талаптарды сақтап,  әр студентпен жеке жұмыс жасауға  бағытталған.Сіздер WorldSkils ұлттық және халықаралық кәсіби біліктілік конкурстарына қатыса аласыздар, өздерңіздің бизнес-жобаларыңызды енгізіп, дамытасыз, оқу үдерісінде жаңа техникалық жетістіктермен танысып,әрине, шығармашылықпен және спорт түрлерімен шұғылдана аласыздар.

Сіз дәрежелі маман болуға және  заманауи сандық технология әлеміне қосылуға көмектесетін білім  мен  дағдылар  аласыз. Колледждің заманауи материалдық базасы Сізге зертханалық және практикалық сабақтар алуға, сондай-ақ колледжде практикалық сабақтарды өткізуге мүмкіндік береді. Ұсынылып  отырған  мамандықтар- қазіргі заманғы еңбек нарығында сұранысқа ие. Біздің колледжде осы мамандықтар бойынша жоғары білікті мамандар даярлауға қажетті барлық мүмкіншіліктер  бар: білікті оқытушылар, лайықты материалдық-техникалық база,  заманауи зертханалар мен шеберханалар. Колледжде заманауи ақпараттық технологияларды  қолданып, оны дамытуға да улкен  мән  берілген.Колледжде  әр студенттің білім алуын,одан кейін  де түлектердің   білім деңгейін  көтеруін, кәсіптік  жолын жалғастыруын жеке  түрде  қарастыруға да мән берілген.

 

 

БІЗДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫМЫЗ:

Біз Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі көшбасшысымыз ;

Қазақстан Республикасының үздік колледждерінің TOP-10 рейтингіндеміз;

Тегін оқыту, сұранысқа ие мамандықтар;

Ұлттық институционалдық және мамандандырылған  аккредиттеу;

Қала мен облыстың үздік кәсіпорындары мен компанияларындағы тәжірибе және тағылымдама;

Кәсіби оқытушылар құрамы және кәсіпорындардан Үздік маман-практиктерді  жұмысқа тарту;

500 орындық 2 студенттік жатақхана;

Қазіргі заманғы инфрақұрылымы бар 4 оқу ғимараты , Цифрлық Қазақстан үшін жас программистерді даярлау бойынша IT - centre, сандық бағдарламалық басқарумен жабдықталған   оқу-өндірістік орталығы;

Жарқын студенттік өмір және Бизнес - идеяларды ілгерілету үшін StartUp алаңы;

Қолданбалы бакалавриат, күндізгі және қашықтықтан оқыту нысаны бойынша техникалық және кәсіптік білім алу мүмкіндігі;

Әрбір білім алушыға жеке көзқарас;

Қазақстан мен Ресейдің жоғары оқу орындарында қысқартылған бағдарлама бойынша оқуды жалғастыру.

 

СІЗДІҢ ТАБЫСҚА   ДЕГЕН ҚАДАМЫҢЫЗ -   БІЗДЕ БАСТАЛАДЫ !

Біз Сіздердің әрқайсыңызды сапалы, заманауи білім алу және өз ісінде кәсіби болу үшін біздің колледжді таңдайтындар қатарында көруге қуаныштымыз.

 

Бюджет негізінде оқыту (тегін шәкіртақы алуымен)

 

2019 жылы 20маусымнан бастап  құжаттар қабылданады 

Оқуға түсердегі қажетті құжаттар:

1) еркін түрінде қабылдауға өтініш;

2) білім туралы құжаттың түпнұсқасы;

3) фото 3х4 см 4 дана;

4) флюроснимок қосылған    086-У медициналық анықтама (І және II топтағы мүгедектерге және жастайынан мүгедектерге медико-әлеуметтік сараптаманың шешімі);

5) ұлттық бірыңғай тестілеудің сертификаты немесе кешенді тестілеудің (бар болса);

6) Қызмет алушының төлқұжатының көшірмесі.

 

Қабылдау емтихандары компьютерде  кешенді тестілеу түрінде өтеді:

9 сынып неізінде: қазақ (орыс) тілі, математика;

11 сынып неізінде: ҰБТ немесе қазақ (орыс) тілі, математика, Қазақстан тарихы.

 

Басқа мекендерден келген студенттерге жатақхана беріледі.

 

 

Жоғары колледж барлық мамандықтар бойынша дистанциондық түрінде оқытуға қабылдау жасайды. Дистанциондық түрінде оқыту заманауи ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы жүргізіледі. Ғаламтор арқылы студенттер барлық қажетті оқу-әдістемелік материалдарға,бақылау жұмыстарға және тесттерге қол жеткізе алады.   

                      

Бізді мекеніміз: Көкшетау қ, Ташенов к. 115, Ж.Жабаев к. 175, Шевченко к. 127, Ж. Жабаев к. 144

Телефондар: 8(7-162)32-89-30, 50-90-10

Электрондық мекен-жай:Politeh127@mail.ru

Сайт: pt0008.kokshetau.akmoedu.kz

Автобустар:№ 4,6,7,14,9,25 «Су арнасы» аялдамасы

                                 №5,16,24 «Сельскохозяйственный институт» аялдамасы

 

 

 

 

 

Біздің мамандықтарымыз – Сіздің нақты болашағыңыз !

 

Жаңартылған күні: 12.02.2019 11:36
Құрылған күні: 30.04.2020 10:20

Текст