АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Студенттік кеңесі

Колледждің Студенттік кеңесі бұл – студенттердің кәсіби, әлеуметтік қызығушылықтарын, шығармашылық, әлеуметтік маңызды мәселелердін шешу мақсатында бір жылға белсенді студенттер құрамынан құрылған өзін-өзі басқаратын қоғамдық орган болып табылады.  Бұл студенттер мен колледж әкімшілігін байланыстыратын буын. Колледждің Студенттік кеңесіне 20 студент мүше болды. Студенттік кеңестің төрайымы 3-ші курс студенті Ашит Аружан.

Студенттік кеңестің басты міндеті – студенттерге әлеуметтік көмек көмек көрсету (шәкіртақы, мәдени-қоғамдық және қоғамдық пайдалы шаралар) сияқты студенттердің мүдделерін ЖТК-К әкімшілігіне ұсыныстар білдіру, студенттердің мүдделерін қорғау, студенттер мен әкімшілік арасында ақпаратпен алмасу шараларын ұйымдастыру болып табылады. ЖТК-К  студентік кеңесінің отырысы ашық түрде өткізіледі, яғни кез келген колледждің студенті немесе қызметкері аталмыш жиналыстарға қатысып қана қоймай, студенттік қоғамдастықтың өмірін жақсарту мақсатында өзінің көз-қарастарын білдіруге құқылы. Топтардың қоғамдық құндылықтары мен белсенді өмір сүруі үшін колледждің әр оқу топтарында студенттік өзін-өзі басқару органдары: топ  басшы, оқу, спорттық, мәдени-қоғамдық, ақпараттық орталықтар, жастар істерін реттеуші жұмыс істейді.

Студенттік кеңестің мүшелері оқу орталығының төрағасы/төрайымы, ақпараттық орталықтың төрағасы/төрайымы, спорт орталығының төрағасы/төрайымы, мәдени-қоғамдық орталықтың төрағасы/төрайымы бағыттары бойынша орталықтардың төрағасы/төрайымы болады.  

Көкшетау қаласы, жоғары техникалық колледждің студенттік өмірі түрлі іс-шараларға өте бай. Колледже оқу сағаттарынан өзге түрлі тақырыптарда  семинарлар, конференциялар мен дәрістер, сондай-ақ жыл сайын 500-ден астам студенттік шаралар өткізіледі. 


Текст