АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жастар істері жөніндегі комитет

    Жастар істері  жөніндегі комитет туралы ереже Жастар істері жөніндегі комитеті (ЖІК) студенттік өзін-өзі басқару формасы болып табылады және білім беру үдерісін басқаруда, студенттер өмірінің сұрақтарын шешуде, оның әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін дамытуда, әлеуметтік бастамаларды қолдануда және іске асыруда студенттердің құқыларының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында құрылады.  

   

    Жастар істері жөніндегі комитетінің жұмысының мақсаттары және міндеттері:

   студенттердің колледжді басқаруда, білім алушылардың әлеуметтік қорғалу және олардың әлеуметтік бейімделуге көмектесуде құқықтарының орындалуын қамтамасыз ету;

   студенттерде өзін-өзі басқару ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру, оларды құзыретті және жауапты қоғам өміріне қатысуға дайындау;

   студенттердің азаматтық мәдениетін, белсенді азаматтық ұстнымын қалыптастыру, олардың әлеуметтік жетілуін,  дербестігін, өзіндік ұйымдастыру және өзіндік даму мүмкіндіктерін дамытуға көмектесу; 

   студенттердің жеке және кәсіби қасиеттерінің жетілуіне көмектесу;

   жастар саясатына студенттердің тікелей қатысуы.

    Колледжде  Жастар істері жөніндегі комитетінің жұмыстарын жалпы басқару қызметін төраға/ төрайым атқарады.

 

    Колледждің Жастар істері жөніндегі комитетінің секторлары:

   оқу секторы  оқу үдерісін зерттеумен және талдаумен, оқытушы мен студент арасында туған жанжалдық ахуалдарды шешумен айналысады, білім беру үдерісінің өзекті мәселелері бойынша тренингтер, семинарлар ұйымдастырады;

   спорт-сауықтыру секторы спорт шараларының ұйымдастырылуына, спорт және салауатты өмір салтын насихаттауға жауапты, спортшылардың спорт шараларына қатысуларына мүмкіндік жасайды;

   көпшілік мәдени секторы колледжде, жатақханаларда өтетін шараларды ұйымдастырады, студенттердің өз әрекетін өзгертеді және жетекшілік етеді;

   волонтер секторы  Жастар істері жөніндегі комитет 2014 жылы қурылды, жыл сайын 50 адам қатысады.

   Валантерлық сектордың мақсаты- қормаған адамдарға әлеуметтік- маңызды мәселелерді шешуде өз еріктерімен қол ушын беруге дайын жастарға қалайлы жағдайлар жасау.

   еңбек секторы гигиеналық нормалардың сақталуы, оқу корпустарын, жатақханаларды, колледж аумағын таза және эстетикалық қалыпта ұстау, көгалдандыру және жас көшеттерді күту жұмыстарын ұйымдастырады;

   шығармашылық секторы жарнама жасаумен, видео, фотобейнелер дайындаумен, студенттердің жобаларын, бастамаларын әзірлеу және жетілдірумен, олардың эстетикалық сұрақтарын шешу мен графикалық құрылымдық шешімдермен айналысады.        

   Студенттік өзін-өзі басқаруы студенттердің колледжді басқару жұмыстарын мақсат етіп қана қоймай, сонымен қатар онда күнделікті өмір тіршілігін ұйымдастыру жұмыстарымен айналысады. Бұл үшін жиі колледждежастар істері жөніндегі комитетінің студенттер ортасының жағдайы, бөлімдерде, жатақханаларда шараларады жоспарлау және өткізу сұрақтарын талқылау жөнінде отырыстары өтеді.

 

Жаңартылған күні: 13.03.2019 17:11
Құрылған күні: 07.03.2019 15:26

Текст