АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

АР-НАМЫС КОДЕКСІ

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы МКҚК «Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінің» студенттер қауымдастығы

  • өз жауапкершілігін сезіне отырып, колледж  миссиясын жүзеге асыруға;
  • Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіби кадрларын даярлаудың алдыңғы қатарлы орталығы және ұлттық білім берудегі көшбасшы ретінде ЖТК-К-нің дәстүрлерін және имиджін сақтау мен дамыту міндетін өз борышы деп санай отырып,
<>-

ЖТК-К студенті Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, ЖТК-К жарғысы, ішкі тәртіп ережесі, жатақханада тұру ережелеріжәне басқа да нормативтік актілерін сақтайды.

2-бап
ЖТК-К студенті Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін, Қазақстанның ұлттық мәдениетін, тарихын және Қазақстан мемлекеттілігін біледі және бағалайды, колледждің дәстүрлерін мұқият сақтайды және жетілдіреді.
3-бап

ЖТК-К студенті басқа студенттермен, ЖТК-К әкімшілігі және оқытушылармен қарым-қатынаста сыпайылық, әдептілік және зейінділік танытады.

4-бап

ЖТК-К студенті кез келген адамға оның шығу тегі мен ұлтына, әлеуметтік мәртебесіне, діни немесе дүниетанымдық нанымдарына қарамастан құрметпен қарайды

5-бап
ВТК-К студенті өзінің оқу міндеттерін қатаң орындап, этикалық, оқу және құқық бұзушылықтарға жол бермейді, соның ішінде:
- плагиат;
- жалғандық;
- білімді бақылаудың әртүрлі формаларының барлық сатыларында  көмекші қағаздарды пайдалану, көшіру және қосымша кеңестерді пайдалану;
- жоғары баға алу үшін туыстық немесе қызметтік байланыстарды пайдалану;
- парақорлық;
- мұғалім алдау және оған құрметсіздік;
- себепсіз сабақтан қалу және себепсіз кешігіп келу;
6-бап

ЖТК-К студенті ЖТК-К мүлігінің сақталуына қамқорлық жасайды және оның аумағында вандализмнің пайда болуының жолын кеседі.

 

7 бап

ЖТК-К студенті кітапханалық-ақпараттық ресурстарға ұқыптылықпен қарап, оларға ұқыпсыз қарауға немесе зиян келтіруге  жол бермейді.

8 бап

ЖТК-К студенті өзіне ұқыпты қарайды, оның сыртқы келбеті эстетикалық нормаларға сәйкес келеді.

9 бап

ВТК-К студенті салауатты өмір салтын ұстанады, өзінің мәдени, адамгершілік деңгейін және дене бітімінің  дамуын арттыруға ұмтылады, колледждің қоғамдық-мәдени, ғылыми және спорттық өміріне белсенді қатысады.

10 бап

ЖТК-К студенті колледжде де, одан тыс жерлерде де құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеуі тиіс.

11бап

ЖТК-К студенті елдегі тәртіпті тұрақсыздандыруға бағытталған ақпараттың таралуына жол бермеуі, сондай-ақ санкцияланбаған жиналыстарға, демонстрацияларға, митингілерге, пикеттерге, акцияларға және шерулерге қатыспауы тиіс.

12 бап

 ЖТК-К студенті колледж мүдделеріне қайшы  келіп, колледж беделіне  нұқсан келтіретін қандай да бір іс-әрекетке қатысудан бас тартады.

13 бап

ЖТК-К студенті Кодекстің ережелерін бұзған жағдайды байқаған болса, оның өз күшімен жолын кесуге тырысады немесе бұл туралы студенттік өзін-өзі басқару органдарына немесе әкімшілікке хабарлайды.


Текст