АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тарихы

Көкшетау қаласының, Жоғары техникалық колледжі өзінің тарихы, әдет-ғұрыптары мен өзінің түлектері бар. Колледждің пайда болу тарихы мен құрылуы Көкшетау қаласының құрылу тарихымен тығыз байланысты. XX ғасырдың 50-60 жылдары еліміздің өндірістік деңгейінің дамығаны баршаға белгілі. Кокчетав қаласының өндірістік кәсіпорындары түрлі бейінді мамандарға тапшы болды. Кокчетав облысының халық шаруашылығы үшін орта арнайы білімі бар сауатты мамандар қажеттілігі пайда болды, сондықтан 1956 жылы Оттегі-тыныс алу аппараты зауытына арнап мамандарды даярлайтын машина жасау техникумы ашылды.

Кокчетав Автомеханикалық техникум 1973 жылғы қараша айында Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің бұйрығымен машина жасау техникумының негізінде құрылды. Мұнда екі мамандық ашылды: «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу», «Автокөліктерді пайдалану».

1993 жылғы 2 тамызда Қазақстан Республикасының білім беру Министрлігінің 18.05.1993 жылғы Кокчетав автомеханикалық және Кокчетав машина жасау техникумын тарату туралы №234 бұйрығымен мемлекеттік орта арнаулы оқу орны – Көкшетау политехникалық техникумы құрылды.

Құқық иеленуші болып Көкшетау политехникалық техникумы тағайындалды.

1996 жылы политехникалық техникум Кокшетау политехникалық колледжі болып атауы өзгерді.

2008 жылы Ақмола облысы әкімінің шешімімен колледж Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Политехникалық колледж» МКҚК болып атауы өзгертілді.

2012 жылғы 17 қаңтар айында Ақмола облысының әкімі С.А. Дьяченконың № А-1/20 қаулысымен «Көкшетау қаласы, Политехникалық колледж» МКҚК Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы «Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық мектеп» МКҚК болып атауы өзгертілді.

2016 жылғы 12 ақпандағы Ақмола облысының әкімі С.В. Кулагиннің № А-2/62 қаулысымен Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы «Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық мектеп» МКҚК Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Жоғары колледж» МКҚК болып атауы өзгертілді.

2018 жылғы 23 маусымдағы Ақмола облысы әкімінің міндетін атқарушы В.Крыловтың №8/328 қаулысымен Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, №1 сервистік-техникалық колледжі» МКҚК және Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Жоғары колледж» МКҚК қосу жолымен Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледж» МКҚК қайта құрылды. 

Жаңартылған күні: 12.02.2019 11:33
Құрылған күні: 14.03.2019 17:25

Текст