Текст
15.01.2026
Көкшетау қаласында Ақмола облысы білім басқармасының «Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжі» МКҚК мен Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Құжат білікті кадрларды даярлау саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға және білім беру үдерісіне заманауи технологияларды енгізуге бағытталған.
Іс-шараға «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК тарапынан бас директордың орынбасары Кушербаев Әліби Болатұлы және жүйелік әкімшілендіру және желілік инфрақұрылым бөлімінің басшысы Гриненко Кирилл Сергеевич қатысты.
Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінің басшысы Еслямова А.К. бейінді ұйымдармен әлеуметтік серіктестікті дамыту техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттырудың, сондай-ақ өңірдің еңбек нарығында сұранысқа ие бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудың маңызды шарты екенін атап өтті.
ЭЕМ үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді және «KazRoad VR: Жолшының виртуалды тренажері» VR-жабдығын беру және орнату;
білім беру үдерісіне заманауи цифрлық технологиялар мен инновациялық шешімдерді енгізу;
сәулет, геодезия және жол құрылысы салаларында мамандарды бірлесіп даярлау.
Сапар барысында қонақтар үшін құзыреттілік орталықтары мен оқу аудиториялары бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Ұйым өкілдері колледждің материалдық-техникалық базасымен, өндірістік шеберханалардың қызметімен танысып, білім алушылардың дайындық деңгейін жоғары бағалады.
Кездесу аясында колледж студенттерімен ашық пікір алмасу өтті. Білім алушылар әлеуметтік серіктестерге өндірістік практикадан өту, жұмысқа орналасу шарттары және жас мамандарға қойылатын талаптар бойынша сұрақтар қойды.
Меморандумға қол қою білім беру жүйесі мен салалық кәсіпорындар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтудағы маңызды қадам болып, Ақмола облысының кадрлық әлеуетін дамытуға ықпал ететін болады.