АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қолданбалы бакалавриат

Қолданбалы бакалавриаттың бағдарламалары бірнеше жұмысшы біліктіліктерге және кәсіпкерлік дағдыларға ие, сондай-ақ өндірісте жұмыс істеуге ынталандырылған біліктілігі жоғары маман-инженер даярлауға, жастар арасында кәсіптік-техникалық білім алудың беделін арттыруға бағытталған.

Колледж түлектері Көкшетау қаласының және Ақмола облысының кәсіпорындарында жоғары сұранысқа ие.

Біздің аймағымыздың ірі кәсіпорындарының өкілдері Жоғары  колледждің 67 түлегіне жұмысқа жолдама берді.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың : «Біздің азаматтар үнемі ең озық жабдықтар мен ең заманауи құрылғылар бойынша жұмыс істеу дағдыларына дайын болуы тиіс» деген сөзіне сай бұл бағдарламаның басты мақсаты

 – ұлттық экономиканың инновациялық даму сұраныстарына сәйкес заманауи өндірістік технологияларды игеретін түлектерді дайындау болып табылады.

Эксперимент жасаудың  тиімділігі  өндірістің технологиялық дамуының қазіргі заманғы тенденцияларына және еңбек нарығындағы жұмыс орындарының жаңа құрылымымен байланысты болды.

Базалық білім мен тәжірибелік-бағытталған құзыреттерін оңтайлы үйлестіретін техника және технология саласында инженерлерді даярлау (қолданбалы бакалавриаттарды) қажеттілігі пайда болды.

         Қолданбалы бакалавриаттың бағдарламалары техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша және академиялық жоғары білім беру бағдарламаларына тән теориялық оқу  және түлектердің тәжірибелік дайындығын қамтамасыз етуі тиіс.

Қолдағы бар нәтижелер бойынша 2020 жылға қарай қолданбалы бакалавриат бағдарламаларына деген сұраныс еңбек нарығының үштен бір бөлігін құрауы мүмкін.

         Заманауи оқу-өндірістік технологиялық құрылғыларымен, ақпараттық технологиялармен жабдықталған  бір оқу орнының аясында жоғары білікті жұмысшылар, жоғары деңгейдегі сарапшылар мен инженерлер білім алуда.

Қолданбалы бакалавриат жобасын жүзеге асыру нәтижесінде еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа технологияларды игерген, жоғары технологиялық құрал-жабдықтармен жұмыс атқара алатын жоғары білікті инженерлердің кадрлық ресурстары қалыптасқан.

Қолданбалы бакалавриат түлектерінің артықшылығы - сәтті және жұмыс орнында қосымша кәсіби даярлаусыз еңбек нарығында қажетті тәжірибелік-бағдарланған оқыту болып табылады. 9 сынып негізінде оқу мерзімі – 5 жыл, жоғары білім алу үшін – 6 жыл.

ҚБ (қолданбалы бакалавриаттың) шоғырландырылған білім беру бағдарламалары жұмыс берушілердің негізінде (кәсіби стандарттар) әзірленген және МЖББС реттейтін пәндерді қамтиды.

Бакалавриат бағдарламасы кәсіби модульден тұрады, оның әрқайсысы   технологиялық өндірістің өзгеруі мен кәсіпорынның жаңғыруы нәтижесінде кәсіптік қызметтің нақты түрін орындау үшін түлектерді даярлауға бағытталған.

Осыған орай, Көкшетау қаласы, Жоғары колледжінің болашағы зор деп  айтқым  келеді.Себебі, 2006 жылғы ҚР БжҒМ Концепциясын негіз ретінде алып,  2011 жылдан бастап пилоттық бағдарламаны жобалау кезінде ТжКБ мемлекеттік білім беру стандарттары мен Бакалавриат әзірлеген механикалық бағдарламаларды біріктіру қажетсіздігін түсіндік. Біз орта буын мамандарын  даярлауда ТжКБ МЖББС негізі ретінде Бакалавриаттың МЖББС пәннің қайталануын жойып, кешенді бағдарламасын енгіздік. Белгілі бір кәсіби қызметті жүзеге асыруда түлектердің даярлығын қалыптастыруға бағытталған негізі ретінде еуропалық елдердің халықаралық тәжірибесін ескере отырып, кәсіби модульдерді біріктірдік.

Біз колледжде еңбек нарығы мен қызметін зерттейтін маркетинг қызметін қалыптастырып, студенттердің тәжірибеден өту базаларын анықтауда жұмыс берушілермен консультациялар жүргізу, өтінімдер мен кәсіптік білім алуда үшжақты келісім-шарттар рәсімдеу үшін кәсіпорындармен тікелей жұмыс істейміз. 

         Техникалық және технологиялық кадрларға сұранысы бар мамандықтар бойынша және сабақтардың Классификаторына, кәсіптер Классификаторына және ТжКБ мамандықтарына сәйкес біліктілік деңгейіне сай нақты жұмыс орындарының санын көрсетумен кәсіпорындардың ұсыныстары бойынша мақсатты даярлаудың жоспар-тапсырысы анықталады.

         Қазіргі таңда өндірісте қандай құрылғылар орналасқанын, әрі болашақта екі-үш жыл аралығында технологиялық жаңғыруды жоспарлап, осы құрылғылармен жұмыс істейтін қандай мамандар қажеттілігін білетін нақты жұмыс берушілермен ынтымақтастықтың тәсілдері өзгереді.

Жұмыс берушілерден тек ауызша ғана емес сонымен қатар, бірінші кезекте өндірісте тәжірибені ұйымдастыру ісі талап етіледі.

Жаңа тәсілдер қолданбалы бакалавриат бойынша білім алатын студенттері аз немесе көп білуі қажет емес, басқа жолмен орындай алуы тиіс. Сондықтан коллежде өндірістік оқу және кәсіптік тәжірибе нақты еңбек ортасына жақын немесе соған сәйкес, сондай-ақ өндірістің өзінде орындалуы тиіс.

Яғни, біз оқытудың дуалды және кредиттік технологияларын енгізе отырып, ұмытылған инновациялық тәсілдер мен әдістерді әзірлейміз. Бірінші курстан бастап студенттер колледждің оқу-өндірістік шеберханаларында жұмыс істейді және білім алу үдерісінде кәсіптік дағдыларын  ұштастыру арқылы 53 атаулы өнімдерді шығарып, жөндеу-сервистік қызметтің 27 түрі бойынша қызмет көрсетеді.

Тәжірибе бағдарламасының мазмұны жұмыс берушілермен бірге қалыптастырылады және кәсіпорын негізінде жүргізіледі. Қызметтің әр түрі бойынша кәсіптік модуль әзірленген. Бағдарлама бойынша қызметтің қанша түрін игеру қажет болса, сонша тәжірибе бағдарламалары бар. Әр модуль аралық  аттестация аясында біліктілік туралы мемлекеттік үлгідегі куәлік беру  және біліктілік емтихандарын тапсырудың кәсіптік модулін игерумен бекітеді.

Кәсіпорынның мамандануын ескере отырып, жұмыс берушілердің сұранысына шұғыл икемделу мүмкіндігі ҚБ (қолданбалы бакалавриат) модульдік бағдарламасының бірігейлілігі болып табылады.

Жұмыс берушілер өндірістік тәжірибе кезінде студенттердің кәсіптік құзырлығының қалыптасуын бақылайды.

Біз кәсіби  лицей, Колледж, бакалавриатты біріктіретін үш бағдарламаны ұсындық, өйткені олардың бір-бірінен  артықшылықтары бар.

Білім берудің жаңа мақсаттары мен құзырлықтарына бағыттап оқытылатын пәннің мазмұнын, білім беру үдерісінің әдістері мен нысандарын өзгертуді ғана талап етпейді, сонымен қатар бірінші кезекте – өндірістік оқыту шеберінің айрықша рөлін мойындау болып табылады.

Оқу-өндірістік шеберханаларда (бізде 9 шеберхана бар) дайын өнім шығарылады. Өндірістік оқыту шебері өмір бойы дамыту мүмкіндігін  беретін бірінші жұмыс біліктілігін даярлау бойынша кәсіптік дағдыларды қалыптастырады. Өндірістен жеке тәлімгерлерді, колледждің аға шеберлерін жұмылдырумен колледждің бағдарламалары тәжірибенің барлық түрлерін күшейтті. Заманауи білім беру жүйесінде оқу үдерісіне сапаны және  ынталандыру деңгейін  жоғарлататын, таным үдерісін тартымды ететін педагогикалық технологияларды әзірлеу және енгізу - өзекті мәселелердің бірі болып табылады.  

ОКТ (оқытудың кредиттік технологиясын) ұйымдастыру ережелеріне сәйкес бакалавриат бағдарламаларына тән - үшінші курстан бастап оқытудың кредиттік технологияларына толыққанды ауысу жүргізілуде.

Кредиттерді, ОКТ (оқытудың кредиттік технологиясын) және қашықтықтан оқыту кезіндегі оқу үдерісінің барлық компоненттерін ескере отырып, Жоғары колледжде оқытушыларға және студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулар, білім беру мазмұнының модульдік ұйымдастыру құжаттар пакеті әзірленген.

         ҚБ (қолданбалы бакалавриаттың) білім беру бағдарламалары белгілі бір жағдайларда ғана «жұмыс істей алады» және бірінші кезекте оқу орнына сапалы кадрлық ресурстар: тәжірибелі кәсіптік қызметтер бойынша тәжірибелі оқытушылар, ӨО шеберлері қажет.

         ҚБ (қолданбалы бакалавриатты) енгізу бойынша пилоттық жоба негізінде бес жыл жұмыс істеу барысында біздің оқытушылардың құзырлығының деңгейін арттыруға мүмкіндік пайда болды.

Мұнда оқытушының рөлі өзгереді, яғни ол кеңесші рөлінде тьютор сабақтарын ұсынады.

Ұжымда инновациялық ахуал қалыптасады: қазіргі заманғы тәжірибеге бағытталған ЭОӘК және ЦББР енгізу және қолдану, оқытудың инновациялық технологиялары мен оқыту әдістемесін апробациялау, рейтинг жүйесі арқылы студенттердің білімін бақылауды ұйымдастыру, оқу-зертханалық құрылғыларды және құрал-жабдықтарды жаңарту, өндірістік шеберханаларды қайтадан қамту, жалпы аудиториялық қорды модернизациялау. Студенттер электронды кітапхананың кешендеріне, барлық пәндер бойынша электронды оқу-әдістемелік кешендерге, оқыту бейіні бойынша мәліметтер базасына, ақпараттық анықтамаларға және іздеу жүйелеріне қол жеткізе алады.

Жоғары колледждің студенттері диплом жобасының құрастырылымдық бөлігін орындауда алған білімдері мен тәжірибелерін эксперименталды және жобалау қызметтерін орындауда табысты қолдануда.

 Кәсіпорынға электрониканы, компьютерді жетік білетін біліктілігі жоғары қызметкерлер қажет.  Жоғары колледж - бұл күрделі компьютерлік технологиялармен жұмыс істей білетін техникалық және технологиялық салалар  үшін мамандарға қол жеткізу болып табылады.

Жоғары колледждің оқу үдерісін ақпараттандыру оқытушылар мен студенттердің оқу қызметінің барлық түрлері бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың құралдарын кең көлемде қолдануды қамтамасыз етеді.

Білім беру бағдарламасын табысты жүзеге асыру үшін Жоғары колледждің студентінде болашақ маманның құзырлығын қалыптастыру бойынша оқу-кәсіптік қызметтің кейсі болады. Ол студенттердің жеке оқу траекториясымен, өндірістік қызметтің бірыңғай күнделігімен, есеп беру құжаттарымен қамтылған. Ол студенттерді тек нормативтік құжаттармен ғана қамтымай, сонымен қатар жеке тапсырмаларды орындауда жауапкершілік қасиеттерін дамытып, өзінің атқарған жұмысын объективті бағалауға, жетістіктерін жинауға және жұмыс істеуге бейімдеу қасиеттерін қалыптастырады.

Тәжірибеге бағыттап     оқыту технологиясы оқу материалының мазмұнын сұрыптау жүйесі негізінде оқытушыларға жағдайлар жасау арқылы студенттер оқу үдерісін қалыпты және өзін-өзі дамытуға, қоғамға оңтайлы бейімделу үшін саналы қажеттілік деп ұйғаруға мүмкіндік береді.

         Жоғары колледжде тәжірибеге бағыттап оқытуға жасалған жағдайлар болашақ маманның бәсекеге қабілетті идеалды моделін қалыптастырады.

Оқу және өндірістік тәжірибені, зертханалық-тәжірибелік жұмыстарды, курстық және диплом жобаларын қамтитын тәжірибелі дайындықтың жалпы көлемі өзіне оқу жоспарларының моделдері бойынша оқу сағатының 63-70% қамтиды. 

 

Қолданбалы бакалавриаттың бағдарламасын  жетілдіру бойынша ұсыныстар

 

1. Үздіксіз білім берудің бірқатар артықшылықтары болғандықтан  білім беру бағдарламаларын зерттеу тұтастығын қамтамасыз ету мақсатында оқу мерзімі 4 жыл 10 ай негізгі орта білім негізінде кәсіптік білім берудің МЖББС құрылымына қойылатын талаптар мен кәсіптік стандарттарды ескере отырып, шоғырландырылған бағдарламаларға сараптама жасау қажет.

Бірінші курстан бастап кредиттерді енгізумен оқытудың модульдік-құзырлық тәсілдері негізінде 4 мамандық бойынша білім беру бағдарламасын маңыздандыру қажет. 

2. Қазақстан Республикасында жоғары колледждер желісін құру үшін қолданбалы бакалавриаттың РОӘБ    құру қажет.

3. Негізі орта білім беру аясында тәжірибеге бағытталған оқудың шоғырланған бағдарламасын жүзеге асыруда нормативтік-құқықтық құжаттардың пакетін бекіту қажет.

ТжКБ контингенті бұл – 9 сынып түлектері болып табылады, оларды ерте бейіндеу бірнеше жұмысшы кәсіптеріне ие болатын еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, құзырлы, жауапты, өзінің мамандығын еркін меңгерген, үнемі өзінің білімін жетілдіруге дайын, әлеуметтік және кәсіптік мобильді жоғары білікті мамандарды даярлауға бағыттауға мүмкіндік береді.  

9 сынып негізінде оқыту процесінің үздіксіз деңгейі бойынша білім беру бағдарламаларының сабақтастығын және ықпалдастығын қамтамасыз етеді және бірқатар артықшылықтарға ие.

Үшдеңгейлі дайындықтың бағдарламасын игерудің нәтижесі – қазіргі заманға сай білімді, кәсіптік, басқару және кәсіпкерлік дағдыларға ие инновациялық өндірістік үдерістерге және жұмыста жоғары технологиялы құрылғылармен жұмыс істеуге шұғыл бейімделетін - біліктілігі кіші инженер мамандары болып табылады.       

4. Тиісті бейіндегі инженерлерді «кіші» қосымшасы жоқ   түпкілікті оқытуды қамтамасыз ететін оқу пәндері қолданбалы бакалавриаттың шоғырландырылған модульдік-кредиттік бағдарламасының ең маңызды компоненті болып табылады.

Бакалавриаттың МЖББС ескерілген сағаттармен шоғырландырылған оқу жоспарының сағаттарын салыстырмалы талдау ҚР «Білім беру туралы» Заңының 20- бабымен бекітілген «қолданбалы бакалавриат» екенін көрсетеді. 

Білім берудің 5 (бесінші) деңгейі ретінде орта білімнен кейінгі білім өндірісте қосымша білім алусыз еңбек нарығына және кәсіптік қызметті дара орындауға бағытталып, кәсіптік инженерлік ойлау негізінде инновациялық өндірістік үдерістерге шұғыл бейімделуге негізделген. 

Оқу аяқталғаннан кейін «кіші инженер» біліктілігін берумен орта білімнен кейінгі білім беру дипломы және жеткен деңгейдің бірнеше біліктілігінің болуын растайтын сертификаттар беріледі.

Дипломмен қоса оқыту барысында меңгерген алфавиттік және сандық тұрғысынан бағалары көрсетілген пәндердің тізімі бар қосымша беріледі.

5. Қолданбалы бакалавриат түлектерінің артықшылығы – еңбек нарығына қажетті түлектерді тәжірибеге бағытталған дайындықтан өткізу,   бір жағынан ол студенттердің қайта даярлықтан өтпей төменгі қызметтерден (сабақтар Классификаторына сәйкес) бастап, өндірісте өзінің жұмысын орындауға, екіншіден құрылғыларды  пайдалану жөнінде инженер механиктер, техниктер, технологтар және т.б. 1-2 санатты жұмысшы қызметіне ие болуына мүмкіндік береді.

Осылайша, білім беру құрылымында 2015 ж. бастап орта білімнен (қолданбалы бакалавриат) кейінгі  5-ші деңгей және Жоғары колледж түлегі оқуды тәмамдағаннан кейін 7-ші деңгейлі магистратураға түсу мүмкіндігіне ие болуы тиіс.

ҚР БжҒМ 27.03.2015ж. «Білім беру ұйымдарында тәжірибе режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, апробациялау және енгізу ережелерін бекіту туралы» №139 бұйрығына сәйкес Жоғары колледж барлық талаптарын орындап , жеке баяндама жасады. 

2017 жылғы 31 наурызда РОӘК Көкшетау қаласы, Жоғары колледждің қолданбалы бакалавриат кадрларын даярлауды жалпылау бойынша хаттамалық шешім қабылдап, осы тәжірибені Қазақстанның ТжКБ ұйымдарының  оқу процесінде жүзеге асыруды ұсынды.

Адам нақты құзырлықтарды игеру арқылы емес, керісінше тәжірибе арқылы біліктіліктерге ие болады, сондықтан бізге өзінің біліктіліктерін дамыту мүмкіндіктеріне ие болатын жас мамандарға қаржы салымдарын жасау қажет.

Жаңартылған күні: 12.02.2019 11:14
Құрылған күні: 06.11.2020 12:57

Текст