АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құрметті Талапкер!

Талапкер-2023!

Техникалық мамандықтар әлеміне қош келдіңіздер!

Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі –  бұл ұлттық еңбек нарығында сұранысқа ие техникалық кәсіпқой мамандарды даярлайтын, ультразаманауи жоғары технологиялық жабдығы мен материалдық-техникалық базамен жабдықталған жаңа буындағы заманауи колледж.

Біздің колледжде инновациялық білім беру бағдарламалары, аудиториялар, оқу-өндірістік шеберханалар, техниканың жаңа үлгілерімен жабдықталған құзыреттілік орталықтары, коворкинг-орталықтар, жоғары білікті инженерлік-техникалық ұжым бар. 

Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінің әрбір студенті білім алу барысында өз әлеуетін іске асыру және техникалық мамандықтар саласында кәсіпқой маман болу, сонымен қатар  заманауи білім, дағды және ерекше жұмыс тәжірибесін алу мүмкіндігіне ие болады.

Біздің колледждің артықшылықтары:

1.    Тегін оқып, стипендия алу.

2.    Қабылдау емтихандары алынып тасталды, «Сәулет» мамандығынан басқа (шығармашылық емтихан тапсыру).

3.      Әртүрлі бейіндегі мамандықтардың сан алуандығы: құрылыс, сәулет, машина жасау, автосервис, электрондық-ақпараттық технологиялар, экономика, мехатроника, жылумен-газбен жабдықтау, жиһаз өндірісі, пайдалы қазбаларды өндіру және тау-кен жұмыстары, киімдерді үлгілеу және жобалау, шаштараздар және косметологиялық қызметтер,электротехника, энергетика, дәнекерлеу технологиялары және басқа да көптеген мамандықтар.

4.      Кез келген саланың барлық меншік нысанындағы кәсіпорындарына жұмысқа орналасуға кепілдік беріледі, өйткені барлық мамандарды даярлау экономиканың нақты секторына арналған мамандықтар бойынша жүргізіледі.

5.   Колледж түлектері Қазақстанда және шетелде жетекші және жоғары білікті мамандар лауазымдарында жұмыс істейді.

6.   Жоғары білікті инженерлік-оқытушылық құрам: оқытушылардың 50%-ға жуығы жоғары санат пен атақтарға ие, сырттай-қашықтықтан оқыту нысаны бар.

7.      Басқа қалалардан келген барлық студенттерге жатақханадан орын беріледі.

8.      Колледж аумағында оқу корпустары және оқу-өндірістік шеберханалары, құзыреттілік орталықтары, жатақханалар, асхана, медициналық кабинеттер, спорт залдары ықшам орналастырылған.

9.      Ыңғайлы көлік қатынасы және автотұрақтардың болуы, колледжде көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау бойынша оқу орталығында оқу және жүргізуші куәлігін алу мүмкіндігі.

10.    Қызықты студенттік өмір: студенттік парламент, жастар ісі жөніндегі комитет, студенттік ғылыми қоғамдар, құрылыс отрядтары, көптеген шығармашылық ұжымдары бар студенттік клуб, спорт клубы, зияткерлік ойындар клубы, КТК, конкурстар, әскери-патриоттық клубтар.

11.    «Жетім балалар және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар», «көп балалы», «аз қамтылған» санаттағы студенттерге тегін ыстық тамақ, қолжетімді бағамен қоғамдық тамақтандыру.

12.    Студенттер Ақмола облысының, Көкшетау қаласының ірі кәсіпорындарында, фирмаларында, компанияларында тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие.

13.    Негізгі біліммен бір мезгілде қосымша біліктілік алу мүмкіндігі және Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарында оқуды жалғастырудың тамаша перспективасы.

Жатақханада тұру

Басқа қаладан келген талапкерлерге арналған ақпарат

Күндізгі оқу нысанына түсетін басқа қаладан келген талапкерлерге арналған ақпарат

 1-ші курсқа қабылданған және жатақханада тұру үшін орын алғысы келетіндердің есебіне алынған барлық талапкерлерге жатақхана беріледі.

Жатақханада тұру үшін орын алғысы келетіндерді есепке қою үшін қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыру кезінде қосымша Сізге жатақхана қажет екендігі туралы белгі қою қажет.

Жатақханаға орналасу «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Колледж сайтында Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінің жатақханасына орналастыру тәртібі 30 тамызға дейін жарияланатын болады.

Жатақхана құны: 3000 теңге.

Телефон арқылы кеңес беру – басшының ОТЖ жөніндегі орынбасары Алиева Клара Майдановна 87017399872, материалдарды колледждің сайтында және ақпараттық стендтерде орналастыру.

Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі – Қазақстан Республикасындағы техникалық және кәсіптік білім берудің флагманы.

ТАЛАПКЕР, СІЗДІ БІЗДІҢ КОЛЛЕДЖДЕ КҮТЕМІЗ!

ТАЛАПКЕРГЕ АРНАЛҒАН  ЖАДЫНАМА!

Орта буын және қолданбалы бакалавриат мамандарын даярлау үшін құжаттарды қабылдау 25 маусым мен 25 тамыз аралығында

Білікті жұмысшы кадрларды даярлау үшін құжаттарды қабылдау 25 маусымнан 27 тамызға дейін

- колледждің қабылдау комиссиялары арқылы:

Ж.Тәшенов көшесі 115,  Т.Шевченко көшесі 127, Ж.Жабаев көшесі 144, Ж.Жабаев көшесі 175

- ИС « C0llegesmartNation»

- EGOV.KZ

Байланыс телефондары:

- 8 (716- 2) – 32-89-30; 51-04- 24; 50-25-73; 87478591530 – кәсіптік бағдар және мансап бөлімінің меңгерушісі Ибраев Бауржан Каиркенович;

- 87715932337 - қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Негметова Салтанат  Каниевна;

- 87017399872 – қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Алиева Клара Майдановна.

Құжаттар тізімі:

1) құжаттарды қабылдау туралы өтініш;

2) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;

3) көлемі 3х4 см, 4 дана фотосурет;

4) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) бекітілген №075-У нысанындағы медициналық анықтама, І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала кезінен мүгедектер үшін 031-У нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы, «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген);

5) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін). Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі немесе заңды өкілдері ұсынады.

6) Квота санатындағы құжат (бар болса)

Жаңартылған күні: 11.06.2021 17:52
Құрылған күні: 03.07.2023 17:41

Текст