АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәжірибе

                     Іске сәт,  болашақ жас мамандар!

     «Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі  «Машинажасау технологиясы» мамандығы бойынша білім алып жатқан  МС-14 тобының     студенттері дипломалды тәжірибелерін АҚ «Степногорск  СПЗ» зауытында   өтіп жатыр.  

              02.04.-30.04.2019 жылдар аралығында машинажасау саласында кәсіби шебер мамандар дайындау мақсатында МКҚК «Көкшетау  қаласы , Жоғары техникалық  колледжі»    студенттерінің  дипломалды өндірістік  іс- тәжірибесінен  өтуі республикамыздағы  белгілі АҚ «Степногорск СПЗ»-мен  өзара ынтымақтастық келісімі  негізінде ұйымдастырылған.  

Студенттердің өндірістік  іс-тәжірибесі колледждің ішкі нормативтік-құқықтық актілерімен бекітілген  және  колледж бен зауыттың арасындағы келісім- шартқа  негізделе отырып жүргізіледі. Келісім- шартта оқу орнының, студенттер мен зауыттың , іс-тәжірибені өткізуге жауапты тұлғалардың  құқықтары мен міндеттері  толық  көрсетілген.

      Іс - тәжірибе алдында студенттер техникалық қауіпсіздікті сақтау ережесімен таныстырылып,  барлық студенттер  дәрігер бақылауынан өтіп, арнайы жұмыс киімімен қамтамасыз етілді. Біздің студенттер өндіріс  цехтарына бөлініп, орналастырылды . Іс- тәжірибенің өту барысы мен сапалы  деңгейде өтуі бөлім басшылары мен өндірістік оқу шебері Д.Ғ.Досмағанбетовке жүктелген. Іс- тәжірибені  өту барысында біздің студенттер жатақханада  тегін тұруға және үш  мезгіл   тамақтанумен қамтамасыз етілген.


Текст