АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әлемдегі терең сыр, ғылыммен ғана ашылмақ...

19.04.2018

Әлемдегі терең сыр, ғылыммен ғана ашылмақ...

Жоғары колледжде 16 - 20 сәуір аралығында математика – жаратылыстану пәндері бойынша апталық өтіп жатыр. Сол апталық аясында ТС-15 тобында «Құрылыстағы математика» атты математикадан ғылыми зерттеу жұмыстарын қорғау өтті. Мақсаты: Құрылыс мамандығында зерттеулер нәтижесінде математикалық білімнің қолданылуын көрсету, қол жеткен білімдерді кеңейту және жана білімдер алу, құрылыста көрініс табатын заңдылықтарды анықтау, жобаларды ғылыми тұрғыда жинақтап қорытындылау.

Математика пәнінің өзіндік сипаттағы бір ерекшілігі – оның абстрактілігі, дерексіздігі, логикалық жүйелілігі және оның қорытындыларының практикада қолданылуының бірден көрінбейтіндігі. Математиканың құдыреттілігі мен өміршеңдігі оның өмір практикасында кеңінен қолданылуында.

Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты.

Ақыл – ойлар әлемді арбап алды.

Математика ғылымдар патшасы атты

Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты.

Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса,

Омар Хайям, әл – Фараби жолын қуса,

Елімнің болашағы гүлденеді.

Ғылымның шамшырағы жанып тұрса.

Студенттер мен оқытушылар математиканың жұмбақты да, тартымды әлеміне сапар шегіп, математика әлемінің қаншалықты қызықты да, әрі сан алуан екендігіне көз жеткізді.

Үй кірпіштерден салынатыны сияқты, ғылым да фактілерден құрылады. Бірақ кірпіштердің үйіндісі үй болмайтыны сияқты, фактілердің жиынтығы да ғылым бола алмайды.

Құрылыстағы математиканың қолданылуы бойынша зерттеу жұмыстарын қорғау үшін сөз кезегі студенттерге берілді.

Білім берудің инновациялық, нанотехнологиялық жүйелері адамның жаңа типін қалыптастыруды талап етеді. Математикалық шеберхана жетекшілері кеңейтілген шындық арқылы геометриялық денелерді көрсетті

және есептер шығаруда қолданылуын ұсынды.

Ертеде данышпан деген патшаның елінде «Байлық», «Бақыт», «Ақыл» үшеуі бас қосады. Ол үшеуі адам баласына тигізген пайдасы жайында таласып қалады.

Байлық: Менің арқамда ғана адам баласының төрт түлігі сай, үйі, дүние – мүлкі, ішіп – жемі мол болады.

Бақыт: Мен кімнің басына қонсам, соның атақ – даңқын шығарамын. Мансабын аспанға көтеремін.

Ақыл: Адам баласы менсіз өмір сүре алмайды. Нанбасаңдар Данышпаннан сұрайық.

Данышпан: «Байлық»- бір жұттық, «Бақыт» - баянсыз, «Ақыл» - еңбек, білім деген сүйеніші, тіреуі, тұтқасы бар.

Сондықтан да ақылды болып еңбек ете білген адам ғана байлыққа да, бақытқа да кенеліп, мәнді де, сәнді өмір сүре алады.

Міне, бұдан шығатын қорытынды: ақылды, білім болған жерде бақытты да, бай боламыз. Сондықтан да білімді де, білікті азамат болып өсуіміз керек. «Білім азбайды, ақыл тозбайды», «Оқусыз – білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» дегенді әркез есте ұстай жүріп, оқытушылар бүгінгі білім сабағымыздан алған жақсы әсерлерін айтты. 

Ұстаз еңбегінің жемісі ол білімді шәкірттері болса, бүгінгідей тез дамыған ақпараттар заманында оқушыны жалықтырмай, еліміздің болашағы жас буынды бәсекеге қабілетті, қоғамның әр қалтарысынан қысылмай шыға білетін тұлға дайындау барысында сапалы да сындарлы білім беру, оқытушыдан жоғары біліктілікпен бірге ерекше танымдылық қасиетті қажет етіп тұр. Студенттердің алған білімі нақты өмірмен, практикамен ұштастырылғанда ғана терең де тиянақты болады.

Дюсембинова Ф.К., математика пәні оқытушысы, математика магистрі.

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы

«Көкшетау қаласы, Жоғары колледж» МКҚК.

Просмотров: 883


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст