Текст
09.09.2025
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа бүгінгі жолдауында «Экономиканың барлық салаларын жаңғырту үшін жасанды интеллектті толық енгізуді қамтамасыз ету міндеті қойылған. Цифрлық технологиялар жаһандық еңбек нарығын тез өзгертуде. Әлемде жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдылары бар мамандарға сұраныс артып келеді. елге жоғары білікті, жақсы дайындалған жұмысшы мамандары қажет. Сондықтан мен 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияладым...."
2025 жылдың 8 қыркүйегінде Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінде инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің педагогикалық кеңесі өтті.
Колледж директоры А. Еслямова, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Қазақстан халқына Жолдауындағы басым міндеттерді белгіледі.
Мемлекет басшысы еңбекқорлық пен кәсіби шеберлікті бағалау мақсатында биылғы жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялап , басты міндеттердің бірі ретінде жұмысшы кәсіптерінің еңбегін насихаттау мен қолдауды алға қойды:
Ақмола облысы білім басқармасының алғыс хатымен жұмысшы мамандықтар жылына арналған іс-шаралар шеңберінде жас ұрпақты кәсіптік бағдарлау жөніндегі республикалық студенттік слетті ұйымдастыруға белсенді қатысқаны үшін 13 педагог жастарды кәсіптік бағдарлауға қосқан үлесі үшін марапатталды: О.Д. Корчевна, А. С. Блялов, Н. У. Асылбекова, В. А. Саулиди, Ф.Ж. Қадырбекова, О. О. Хамзин, Г. А. Мергунов, С. В. Ребро, Д. С. Дикал, Р. Өміржан, К. М. Алиева, В. В. Гапеев, Д. У. Кожахметова.
27 оқытушы халықаралық аккредиттеу шеңберінде CDIO / Advanced Manufacturing бағдарламасы бойынша оқытуға қатысқаны үшін Singapore Polytechnic International сертификаттарын иеленді
Тоқаев К. Ж. жолдауында «Білімді, жауапты азаматтар ұлттық экономиканың негізін және Қазақстанның болашағын қалыптастырады.»