Текст
09.08.2025
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында 100-ден астам белсенді әрі талантты колледж студенттері Ақмола облысы, Щучинск қаласында бас қосты.
Слет бағдарламасы — шеберлік сағаттары, мотивациялық кездесулер, интерактивті тапсырмалар мен креативті топтық жобалар, көрмеге бару, сондай-ақ іскерлік және мәдени іс-шаралардан тұрады.
Слет аясында студенттер ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Оқу-ағарту министрі және Ақмола облысының әкімімен кездесті. Кездесу барысында қатысушылар шабыт алып, қолдау көріп, өздерінің кәсіби жолын дұрыс таңдағандарына деген сенімдерін нығайтты. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының жастарды қолдаудағы саясатына алғыс білдірді.
Колледж — бұл заманауи таңдау. Жұмысшы мамандықтар — бұл бедел. Болашақ — сенің қолыңда!



