АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мамандық алу мен оқытудың өндіріспен байланысы.

09.03.2017

Мамандық алу мен  оқытудың өндіріспен байланысы.

Еліміз  өркениетті елдер қатарына қосылу жолында саяси- әлеуметтік өзгерістермен қатар  болашақ  ұрпақты заман талабына сай, ойлау қабілеті жоғары, мәдениетті, елін  сүйетін азамат етіп тәрбиелеуге үлкен мән беру  аса маңызды  орында.

«Көкшетау қаласы, Жоғары колледж»  ұжымы да оқу үдерісімен  қатар студенттерді  өз елін сүйетін, алдына қойған мақсатына жету үшін заманауи талаптарға сай, еңбексүйгіш, таңдаған мамандығын  алу 

жолында уйренуден  талмайтын , өз  мамандығын  жетік біліп, ары қарай дамытуға қабілетті мамандарды тәрбиелеуде.Әрине , білім мен тәрбие бір – бірімен тығыз байланыстағы үдеріс болғандықтан,тәрбие жұмысына мұғалімдер үнемі ат салысып, қатысады.

Мен өз тобымның студенттерін жеке тұлға, жан- жақты дамыған  азамат етіп тәрбиелеуге өз үлесімді қосудамын.

Студенттермен тәрбиелік іс- шаралар ұйымдастырып, қоғамдық жұмыстарға белсенді  қатысуға икемдеп, мәдени орындарға ,  басқа да мекемелерге бара отырып, топ студенттерін ұйымшылдыққа баулып жүрмін.

Осындай  мақсатта жоспарланған іс- шаралардың бірі - топ студенттерімен  Көкшетау қаласындағы«ENKI»өндірістік кәсіпорнына саяхат.Бұл – аты бүкіл Қазақстанға белгілі   кірпіш шығаратын зауыт.

Жетекшілік  етіп жүрген тобымның болашақ  мамандығы «Ғимараттар мен үймереттерді салу және пайдалану» болғандықтан , бұл саяхаттың  басты мақсаты - студенттерді таңдаған мамандығымен жақынырақ таныстыруға, оны меңгеруге деген қызығушылын арттыруға және құрылыс материалдарының   жасалу жолдарын

өз көздерімен  көруге бағытталған еді.

Саяхатты  ұйымдастыруда колледжіміздің өндірістік жұмысы жөніндегі директордың орынбасарыЫбыраев Нартай Ерназарұлы үлкен көмегін тигізді. Саяхат барысында студенттер өндірістік технологиялармен,

кірпіштің  жасалу жолдарымен  танысып, бәрін өз көздерімен көріп, кірпіш жасайтын  шикізат, қоспалармен танысты.

Зауыт маманы Сергей Станиславович  студенттерге жол  бастап, қай құрылғы қалай орналасқанын және олардың атқаратын жұмыстарымен жеке - жеке таныстырып шықты. Мысалы, ең алдымен кірпішке үлкен жүк машиналарымен арнайы қоспалары бар саз әкелініп ,оларды үлкен амбарларға төгеді. Содан соң ол жерден лента табақшалары жүйтки жөнелтіп әкетіп, саз топырақты тастардан арылтатын ленталарға жібереді. Олжерден

тастардан және де басқа қоқыстардан тазартылған саз топырақ жіктеп алынады да, үлкен науаларда сумен араластырылып қалыптарға құйылады. Қалыптардың түзулігі сондай, тіпті саз балшық жұмсақ болғанымен  жік - жік болып, сап түзеп, солдаттарша қалыптан шыға келеді. Содан соң кірпіштердің көлемі бойынша кесіліп, ыстық

пештерге жөнелтіледі. Пештердің ыстықтық температурасы 900 градуста кірпіштерді күйдіреді. Кірпіштің бастапқы түсі сары түстен қызыл кірпішке айналады. Әрине, бұл үдеріс  барысында студенттерде көптеген сауалдар  туындап,«Кірпіштерге бояу қоспай, оны қалай қызыл етіп шығарады»! -  деген таңғалушылықтар да болды. Сауалдардың  бәріне тәжірибелі зауыт жұмысшылары жауап беріп отырды. Ал енді пештен шыққан кірпіштер арнайы ауа жүріп тұратын бөлмелерде кептіріліп, падондарға салынады. Падондар қапталып, артуға кетеді.

Иә, содан соң еліміздің түкпір – түкпіріне  жіберіліп, зәулім - зәулім үйлер мен ғимараттар салуға көптеген септігін тигізеді. Міне, ғажайып деп осыны айт!  Адамның  қолынан келмейтін іс бар ма, десеңші! Бір кірпіштің дайындалуына жеті күн уақыт кетеді екен. Бір күнде - он мың дана кірпіш өндіріліп шығатын бұл зауыттың жұмысына студенттердің таңданысында шек жоқ. Студенттермен қосылып мен де таңырқап, көзбен көрген іске қызығып келдім.

Студенттерге бұл экскурсия  қатты ұнады, зауыттан шығып, жол бойы алған әсерлерін әңгіме етіп, сөз жарыстырып, талқылап келді. Оларға тіпті, бәріміз бірге бір автобуста болып, жол жүргеніміздің  өзі қызық болды.

Білім алушылар өздерінің білімдерін тәжірибемен ұштастырғанда ғана,мамандыққа сай шебер және іскер адам бола алады. Адам баласының шын мәнінде білімді, өз мамандығының  шебері  болуы үшін үш қасиет: жан - жақты білім, ойлау дағдысы және сезім дарқандығы қажет. «Әрбір шәкіртті осылай тәрбиелеп, нағыз кәсіби білім бере білсек, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырамыз»,  - деген ойда өз мақаламды тәмәмдаймын.

Просмотров: 228


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст