АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ әдебиеті сабағында студенттердің шығармашылық қабілетін дамыту.

17.03.2017

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Жоғары колледж» педагогикалық оқуға мен, яғни қазақ тілі пәнінің оқытушысы Сейлбекова Сәулеш Жамхурқызы «Қазақ әдебиеті сабағында студенттердің шығармашылық қабілетін дамыту» тақырыбында баяндама оқыдым. Баяндамада шығармашылық жұмыстың негізгі мақсаты, шығармашылық әрекеттің құрылымы, студенттермен жүргізілетін жалпы және негізгі жұмыс түрлері, студенттермен жүргізілген жұмыстардың сапасын арттырудағы қол жеткізген жетістіктер мен көрсеткіштер, шығармашылық жұмыстың менің іс- тәжірибемде алатын орны жайлы айтылды.  Баяндаманы Елбасы Н.Назарбаевтың «Жаңа формация педагогы-рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін - өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты» деген тұжырымды пікірімен бастадым.                           

Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде әрбір ұстаз өз білімін терең меңгеруі тиіс. Сонымен қатар, орыс философы, психолог  С.Л Рубинштейн « Студент шығармашылығының ерекшелігі оның сапалы түрде мақсатты әрекет жасауымен анықталады... шығармашылық шешімнің нәтижесі баланың өзі үшін жаңалық болса жеткілікті», - дейді.

Шығармашылық элементі адам әрекетінің кез келген түрінде кездесетіндіктен, тек көркем шығармашылық қабілеттер ғана емес, сонымен бірге техникалық шығармашылық қабілеттерден де, математикалық шығармашылық қабілеттерден де байқалады.

Шығармашылық ұғымын «жалпы интеллектуалдық қабілет» деп қарастыруға болады. Қабілеттілік репродуктивті, шығармашылық деп екі салаға бөлінеді

Шығармашылыққа тән құбылыстарға тоқталсақ

Студенттердің шығармашылық қабілеттері ашылу үшін белсенді әдістерді қолдануға болады.  

Студенттердің қабілеттеріне қарай әрбір баланың ойын оятып, ойландыруға, талдау жасауға, салыстыруға жетелейтін жеке шығармашылық тапсырма ұсынылады. Бұл айтылған жұмыстарды барлық оқушыларға бірдей қолдану артық етеді. Өйткені әр оқушының қабылдау деңгейі әр түрлі.

Шығармашылық жұмыстың сапасын арттыруда өз пәнім, яғни қазақ әдебиеті сабағында және үйірме жұмыстарында бірнеше жұмыс түрлерін жүргізудемін.

Оқу жылының басында жыл бойына жоспарланған жұмыстарды іске асыру үшін   қабілетті анықтау жұмысы жүргізілді. Мысалы, белгілі бір тақырыптарға шығарма, эссе жазу, өлең шумақтарын құрастыру, сөзжұмбақ құрастыру және т.б шығармашылықты қажет ететін тапсырмалар.

Студентке берілетін жекелей тапсырмалардың үйренушілік, алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық деңгейімен жұмыс жасау керек.  Оларды мынадай 3 деңгейге бөліп қарастыруға болады.

Міндетті оқушылық деңгей. Жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар студенттерге алдыңғы білімдеріне және оқушыға байланысты. Бұл тапсырмаларды барлық студент орындай алуы тиіс.

Алгоритмдік деңгей. Мұнда студент оқытушының түсіндіруімен қабылданған ақпаратты пайдалана отырып, орындайды. Өтіп кеткен материалды студент талдап бұрынғы тапсырмаға сәйкес орындайды. Алған білімдерін түрлендіріп пайдалану керек.

Эвристикалық деңгей. Студент өзі ізденіп өзі қосымша әдебиетті қолдана отырып, жауап береді. Салыстыру арқылы анықтау, қорытындылау. Ребус, сөзжұмбақ анаграмма құрау.

Өлең шығаруға үйрету мақсатында өлең шумақтарының ұйқасуға тиісті сөздерін жасырамын. Олар өздері сол сөздерді тауып қоюлары тиіс. Мысалы:

Жақсылық маған тілеген,

Анашым- сен данасың.

Осынау кең дүниеде,

Біз үшін мәңгі дарасың.

Студенттермен жоспар бойынша шығармашылық жұмыстар жүргізу сәтінен:

Шығармашылық жұмыс барысында өзеріне берілген тақырып бойынша өлең шығарған ВТ-16 тобы Базарбек Дәуренбектің «Наурыз-  мерекем» атты өлеңімен таныстырдым.

Наурыз- мерекем

  Мейрамы бар Наурыз деген қазақтың,

Ата- баба тойлап келген ғажап күн.

Табысады көрші –қолаң бұл күнде,

Қуаныш пен күлкі сыйлап әркімге.

Шақырады бірін бірі үйіне,

Жүздері жадыраңқы бәрінде.

Ақ бауырсақ шашылып дастарханда,

Барын қояр қонақ келсе әр үйде.

Күн менен түн теңеледі Наурызда,

Қыстан шығып кенеледі халық та.

Күн жылынып, жол ашылар өріске,

Құстар келіп, құлпырады өрісте

Сонымен қатар, Тәуелсіздік күніне орай жазылған ИС-16 тобының студенті Манап Беріктің «Тәуелсіздікті мен жыр қылам» тақырыбында өлеңімен таныстырдым.

Сыр тарттым Егемен ел өткенінен,

Өткен күн бүгініне өкпелі ме?

Ұғынып тарих сырын куә болдым,

Қаһарын аямастан төккеніне.

Төккеніне қаһарын шашқанына,

Қара бұлт үйірілген аспанына.

Өзекке қайғы салып кеткен күндер

Сіңіпті терең тарих астарына.

Дұшпандарың көп көріпті бағыңды,

Көздеген-ау астыңдағы тағыңды.

Буыныңды діңкелетіп кетсе де,

Сындыра алмапты сенің алтын сағыңды.

Еркіндік алып,кеңге жайдық біз құлашты,

Тарих көшіміз жарқын өмірге ұласты.

Бүгінде халқым жаһаннан тауып өз орнын,

Тілдерін тауып өзгелермен де достасты.

Көп ұлтты елім кеңейген биік керегең,

Басқалармен де теңесіп келед терезең.

Өркенің өрлеп,қарыштап көкке нарқың да,

Орындалуда мақсат,мұратың көздеген.

Бүгін міне қалам алып жыр жаздым ,

Маржан сөзден мәні терең сыр қаздым.

Ұлы елдің ұрпағымын ұлтжанды

Ата-баба аруағына мың тағзым!

 

Баяндама соңында шығармашылық жұмыстан күтілетін нәтижеге тоқталдым.

- әр жұмыс түрлері талданып, сараптама жасалып отырылады;

-студенттерді колледжішілік, қалалық, облыстық, республикалық іс- шараларға қатыстырып қабілеттілігін дәлелдеу;

-әр студенттің ынтасын, қабілетін қамти отырып, шығармашылық жұмыстарын таратуға мүмкіндік бар;

-осы жағдай баланы бақылауға, дұрыс бағыт беруге, жеке тұлғаның дамуына мүмкіндік туғызады;

-жас ерекшеліктерін ескере отырып, қабілетіне қарай жүйелі дамытып, қолдау көрсетіп отырса, келешек жастардың мемлекетімізге қосатын  үлесі зор болады;

-шығармашылықпен айналысқан студент өз мамандығы бойынша да жаңадан тың нәрселер ойлап табады;

Сөз соңында айтарым, осындай шығармашылық жұмыстар жүргізу арқылы алдағы уақытта жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде әлі де өз үлесімді қоса бермекпін.

Просмотров: 624


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст