Бүгінгі таңда үш тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыстілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деген болатын.
Осыған орай қазіргі кезде білім беру мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілу жоспарланып отыр.Осы өзгерістерді енгізу үшін атқарылуға тиісті іс – шараларды жоспарлап,алға міндеттер қойып, тілдерді дамытып,әдістемелік жақтан сүйемелдеп, мәселелерді шешу үшін, үштілділікке ауысуды кезең – кезеңмен іске асыру мәселесін қарастырудағы мақсатпен Астана қаласында «Білім беру мазмұнын жаңарту мәнмәтініндегі тілдік стандарттың біртұтастығы» атты Халықаралық конференция болып өтті.
Бұл конференция өз жұмыс тәртібінде ҚР – ндағы білім беру мазмұнын жаңартуға енгізілетін өзгерістерге тоқталды. Конференция жұмысына 200-ге жуық адам қатысты: мектептің филолог мұғалімдері, жоғары оқу орындары, колледж оқытушылары, әдістемелік кабинет және Алматы, Астана қалаларындағы білім басқармаларының облыстық өкілдері, отандық және шетелдік ғалымдар,білім берудің барлық деңгейіндегі оқу әдебиеттерінің сарапшылары мен авторлары, қазақстандық және шетелдік баспалардың өкілдері. Жоғары колледж оқытушылары.
Халықаралық конференцияның қатысушылары күн тәртібіне қойылған түйінді мәселелерді талқылап және тыңдап, білім беру мазмұнын жаңарту мәнмәтініндегі білім беру ұйымдарында тілді оқытуды әдістемелік сүйемелдеу, оқу бағдарламаларының, оқулықтар мен оқу – әдістемелік материалдар мазмұнын жетілдіру мәселелерімен байланысты мәселелерді
талқылап, дайындалған үштілді оқытуды тілдік стандарттың біртұтастығына сай ұсынымдар дайындады. Олар:
1. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен жоғары мектептерде үш тілде оқытуды кезең – кезеңмен енгізу шегінде аяқтау және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жасаған үш тілді оқытудағы Тілдік стандарттың біртұтастығы мен тілді меңгерту кезінде филологиялық біртұтастық тәсілдемесі тұжырымдамасын бекітуге дайындау.Үштілді білім берудің Жол картасын жүзеге асыруды жалғастыру.
2. Оқылатын тілдер үшін ерекшелікпен ауысуына әмбебап тілдік құбылыстан бастап, екінші және үшінші тілдерге оқыту мазмұнының ұқсастығын қамтамасыз ету.
3. Республиканың педагогикалық ЖОО – ына үш тілді оқыту бойынша тілдік стандарттың біртұтастығы негізінде және филологиялық біртұтастық тұжырымдамасының тәсілдемесі шегінде филолог – мамандарды (қазақ тілі, орыс және ағылшын тілдері) және жаратылыстану- математикалық циклдың оқытушыларын ағылшын тіліндегі дайындықпен оқытуға бағыт көрсету.
4. Педагогикалық кадрларды даярлауға сай талап ететін бастауыш сыныптан бастап, стандартталған тілдерді оқытуды енгізу бойынша жұмысты жалғастыру.
Сонымен қатар білім беру үдерісіне қатысушыларға:
- жаратылыстану
- математика циклы пәндерін ағылшын тілінде оқыту, білім беру ұйымдарында оқитындарға тілдерді оқытуды жүзеге асыруында белсенді қатысу;
- ЖМЦ пән оқытушылары, филолог – мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастығының күшімен түсіндіру және үш тілде оқытудың қағидалары мен әдістерін ақпараттық – насихаттаумен қамтамасыз ету және жоғарғы мектептерде ағылшын тілінде ЖМЦ пәндерін оқытуды ұйымдастыру;
- тілді оқыту әдістемесі және қазіргі психологияның жаңа жетістіктерін енгізу, мәдени диалог қағидаларына негізделген әлеуметтік - мәдени білім беру ортасын қалыптастыру бойынша біріге күш салу сияқты ұсыныс - тілектер айтылды.
Бұнда айтылған мәселелер барлық тіл мамандарын толғандырары сөзсіз, бірақ мемлекетімізде қазақ тілінің басымдығы сақталады. Тіліміздің әрі қарай дамуына,өркендеуіне зор көңіл бөлінеді. Менің тіл маманы ретінде өз Ана тіліме тілегім:Қасиеттіқазақ тіліміз өзінің аясын кеңейтіп, мән – мағынасын, қоғамдық маңызын жоғалтпай, мәртебесі көтеріліп,көк туымыз әр уақыт көк аспанда еркіндік пен бейбітшілік байрағы болып, желбірей берсін!!!
Осы конференцияға қатысып, пікір алмасқан қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің ұстазы:
Есентурова Бақыт Саттыбалдықызы