«Адамзат үшін XXI ғасыр- жаңа технологиялар ғасыры болмақ,
ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру
және жетілдіру-бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз...
ал жас ұрпақтың тағдыры- ұзтаздардың қолында»
(Н.Ә.Назарбаев)
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін - өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік, жұмыстағы шеберлігі.
Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр. Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі – ақпараттық - коммуникациялық технологияларды (бұдан кейін АКТ) пайдалану. АКТ - ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. АКТ - ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан - жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
АКТ-«АКТ құралдары» дегеніміз – микропроцессорлық және жаңа АКТ негізінде қызмет атқаратын, ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан - жақты таратуды, одан қалды компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына енуді қамтамасыз ете алатын программалық, программалық - аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды айтамыз. Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:
-интерактивті тақта;
-Мультимедия;
-Интернет тақта;
-Электронды оқулық.
Оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет:
-Бір қалыптылықты пайдаланбау, деңгейлер бойынша (білу, пайдалану, қолдану) оқушылар әрекетін ауыстырып отыру;
-Баланың ойлау (зерделеу) қабілетін дамытуға бағытталу, яғни елестету, салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыра алу, ұқсастықты табу қасиеттерін дамыту;
- Компьютерлік технологияны пайдалана отырып дарынды, орташа және үлгерімі төмен оқушыға сабақты ойдағыдай меңгеруіне мүмкіндік туғызу;
- Оқушының есте сақтау қабілетін ескеру (жедел, қысқа мерзімді және ұзақ уақыттық есте сақтау).
Мен оқытушы ретінде өзімнің сабақтарымда келесі АКТ тәсілдерін қолданамын:
· Видео – сабақтары
· Презентациялар
· Электрондық тест
· Видео–зертханалық жұмыстар
· Виртуалды зертханалық жұмыстар
· Интеренетпен жұмыс жасау
Ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы тағы бір мүмкіндігі – ол электронды оқулық. Электрондық оқулық - бұл дидактикалық әдіс - тәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негізделген түбегейлі жүйе. Электронды оқулықпен оқыту оқытушының оқушымен жеке жұмыс істегендей болады. Электрондық оқулық тек қана оқушы үшін емес, мұғалімнің
дидактикалық әдістемелік көмекші құралы да болып табылады. Жоғарыда айтылып кеткен тәсілдердің барлығы химия пәнінде құрастырылған сандық білім беру ресурстарының (ЦОР) құрамына енгізілген.
Презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар, т.с. с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді.
Видео - сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Оқушылардың ақпаратты теледидар, компьютер және т. б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтынын жақсы білеміз.
Жаңа сабақты бекіткен уақытта электрондық тестілеу әдісін қолдануға болады. Оқушылардан бір уақытта жауап алуға мүмкіндік береді. Жауап нәтижелерін бақылап және оқушылардың материалды түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Оқушыға тест сұрақтарына жауап беруі үшін уақыт беріледі. Бұл жүйе тұйық оқушылардың ойын білдіріп, жалқау
оқушылардың қызығушылығын арттырады. Оқушылар бір тестілеуден жақсы нәтижеге жеткенше бірнеше қайтара өтеді.
Зертханалық жұмыстар жүргізген уақытта видео –зертханалық жұмыстар немесе виртуалды зертханалық жұмыстар қолданамын. Экспериментсіз химияны оқуға мүмкін емес. Әрине, эксперименттік орнату дағдыларын дамыту үшін, химиялық зертхана материалдары мен жабдықтарды жұмыс істейтін маңызы зор. Зертханалық жұмыс кезінде уытты немесе зиянды заттардың қолданылуы қажет болып немесе кейбір реагенттер болмаған жағдайда видео немесе виртуалды зертханалық жұмыстар қолданылуы міндетті болып табылады. Мен қолданылатын виртуалды зертханалық жұмыстар ОМС бағдарламасында жасалған және бірнеше нұсқада көрсетілген. ОМС бағдарламасында көмірсутектер молекулаларын модельдеуге арналған тапсырмалар да бар.Бұл тапсырмалармен студенттер жеке жұмыс жасап түсініксіз кезде анимацияларды бірнеше рет қайталап көруге болады.
Осыған байланысты күнделікті сабаққа, мысалы, Алкендер тақырыбын оқытқан кезде студенттердің алдына келесі мақсаттар қойылады:
· Этилен молекуласының құрылысын, физикалық қасиеттерін және алыну тәсілдерін меңгеру;
· Этиленнің маңызды химиялық қасиеттерін түсіну, зертханалық жұмыс жасаған кезде сәйкес реакцияларды жазу;
· Этилен және оның гомологтарының қолдану саласын айта білу;
· Тақырып бойынша тапсырмалармен есептер шығару;
· Қосымша әдебиетпен немесе интернетпен жұмыс жасау.
Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін бұл сабақта сандық білім беру ресурстарын қолданамын. Соның ішінде этилен молекуласын модельдеу, MyTest бағдарламасында жасалған электрондық тест, видео-сабақ, виртуалды зертханалық жұмыс. (сандық білім беру ресурстарын ЦОР көрсету)
Студенттердің білімдерін тексеру үшін қосымша деңгейлік тапсырмалар құрастырылған. Мысалы: (тақырып бойынша)
«Қанықпаған көмірсутектер»
І деңгей
1. Алкендердің жалпы формуласы?
2. Молекуласында 8 сутек атомы бар алкеннің молекулалық массасы?
3.Кучеров реакциясы нәтижесінде түзілетін зат:
4.Қанықпаған көмірсутектерге тән реакция?
5.Алкендегі көміртек атомының гибридтелу типі?
6.Каучукты вулканизациялағанда түзіледі:
7.Пропеннің хлорсутекпен әрекеттесуі нәтижесінде түзілетін зат?
8.Изопренді каучуктың формуласы:
ІІ деңгей
1. 62г бутадиен алуға қажетті бутеннің зат мөлшерін есептеңдер. Сутегімен салыстырылған тығыздығы 42-ге тең алкеннің формуласын анықтаңдар.
2. Изопренді каучуктың массасы 340000 болса,оның құрылымдық буын санын есептеңдер.
3. 0,4моль ацетилен толық гидрленгенде түзілетін этиленнің (қ.ж) көлемі қандай?
ІІІ деңгей
Егер 21 г пропилен жанғанда 1025,5 кДж жылу бөлінетіні белгілі болса, оның жану реакциясына теңдеуін құрыңдар.
Сабақта АКТ элементтерін пайдалану, дайындалған арнайы тапсырмаларды тыңдап қана қоймай, көздерімен көріп, оны жетік түсінуге, дағдыланады. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырады.
Химия сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып өз бетінше жұмыс істеу факторы – есептерді шығара білу, шапшаңдылық, шеберлік дағдыларын ұйымдастыра отырып, сабақтар өткізуді қолға алдым.
Жалпы оқушылардың ақпараттық технология негіздерінен алған білімі арқылы:
1. Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, құлшынысы оянады.
2. Шығармашылық қабілеттері артады.
3. Жылдам ойлауға машықтанады, білім сапасы артады.
4.Оқушылар өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланды.
5. Экологиялық сауатты болуға үйренеді.