Наурыз мерекесі қарсаңында «Бірлік» атты жас мамандар клубының кезекті отырысы өтті. Жас мамандардың кәсіптік шеберлігін, оқытуда ақпараттық технологияны қолданудағы ізденістерін, әдіс-тәсілдерін көрсету арқылы педагогтардың бүгінгі білім беру талабына сай ақпараттық құзырлығын жетілдіру, өзін – өзі тәрбиелеуге, бейімділіктерін дамытуға үйрету, ұстаз бойында болуға тиісті ізгі қасиеттерге тәрбиелеу, білім беру үдерісінде жаңа технология элементтерін қолдана білуге баулу, жас мамандардың өз мамандықтарын игеруде мотивациясын арттыру мақсатында өткізілді.
Жоғары колледждің арнайы пәндер бойынша тәжірибелі оқытушысы Тлеубекова Лязат Болатовна «Менің оқыту үдерісіндегі қолданып жүрген әдіс- тәсілдерім» атты тақырыпта әдістемелік кеңес –сабақ өткізіп, өз іс тәжірибесімен бөлісті. Тәжірибелі оқытушы арнайы пәндерді оқытуда қолданып жүрген қызықты әдіс-тәсілдер туралы айтып, тәжірибе барысында қолданылуы жөнінде ұстаздарды топқа бөле отырып, тренинг түрінде өткізді. Мысалы, қатысушыларды топқа бөле отырып, «Ковер» деген әдісті қолданып, ұйымдасқан түрде түсті қарындаштар көмегімен түрлі көріністерді бейнелеп, бір мақсатты орындау үшін жұмыла жұмыс істедік.Бұл жұмыстың негізгі мақсаты - ұжымды бір мақсатты орындау үшін ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Осы сияқты тағы әдіс- тәсілдер мен ойын түрлері туралы айтылып, ұйымдастырылды. Бізге сабақта қолданып жүрген әртүрлі әдіс-тәсілдер туралы, олардың сабақта қолданылуы бойынша алуан түрлі сұрақтар қойылды.Жауаптардан әркім өз білім, дағдысын, іскерлігін өз бетімен дербес жетілдіре алатындықтары да байқалды.
Адам қабілетінің дамуына еңбексүйгіштік, табандылық, өжеттілік, шыдамдылық, ынталылық, өзін – өзі билей алушылық сияқты қасиеттер көмектеседі, ал адам бойындағы қабілетінің дамуына, дарындарының ашылуына білімінің жетіспеушілігі, жұмыс дағдысының болмауы, жалқаулық, еріншектік кедергі келтіреді; адам бойындағы дарындылықтың ашылуына ең алдымен , қажымай ізденуі, көп оқуы, уақытты нәтижелі пайдалана білуі көмектеседі; алайда, адамдардың өздері қолданып, іске асыра алатын бақылау әдісін алуға болады; адам басқала адамдардың мінез – құлқын, жұмыс нәтижелерін талдап, өз мінез – құлқын, жұмыс нәтижелерін ,жетістіктері мен сәтсіздіктерінің себептерін анықтауына да болады; үнемі ақпараттарға шолу жасау, өзара сабақтарға қатысу да өз жемісін береді деген әртүрлі ойлар айтылды. Бұл ұйымдастырылып отырған іс – шара қызықты, әрі пайдалы кеңестерге толы, жас ұстаз-мамандар үшін маңызы өте зор деп айтар едім.Тәжірибелі ұстаз өз сабағында жас мамандарға білім сапасын арттыруда, оқушылардың білімге деген құштарлығын көтеруде басты тұлға – ұстаздың үнемі ізденуі, білімін жан – жақты жетілдіруі талап етілетіні жайында айтып өтті. Болашақта бұл сабақ тағы жалғасын тапса, нұр үстіне нұр болар еді деген ойдамын.Ұйымдастырушыларға - ризамыз.
Жалпы қорытындылайтын болсам: Әрбір жас ұстаздың жаңаша жұмыс істеп, үнемі ізденісте болуы бүгінгі күннің талабы болса,оқу мекемесіндегі басты тұлға – ұстаз.Ұлы ағартушы –ұстаз Ы.Алтынсариннің сөзімен айтатын болсақ, «Мұғалім- мектептің жүрегі». Жаңа формация мұғалімі – білімнің өзіндік құндылығын түсінетін, жүрегі жаңалық деп соғып тұратын, рефлексияға қабілетті, кәсіби дағдылары дамыған педагогикалық дарын иесі болуы тиіс.