Педагогтың кәсіби біліктілігі
Дербестіктің жоғары құрамдас бөлігі кәсіби біліктілік болып табылады. Кәсіби біліктілік деген сөзді, яғни, белгілі бір қызметті іске асыру үшін қабылданған шешімге байланысты, мамандардың жеке басының іскерлік қабілеттілігінің интегралдық сипаттамасы деп түсінуге болады.
Кәсіби біліктіліктің негізгі компоненттері мыналар болып табылады:
Әлеуметтік-құқықтық біліктілік – қоғамдық ұйымдармен және адамдармен өзара қарым-қатынас жасай білу ептілігі, сонымен қатар, кәсіптік байланыс жасай білу, жүріп-тұру әдістерін меңгеру;
Дербес біліктілік — кәсіптік біліктілікті үнемі арттырып отыру және кәсіби ілгерілей білу қабілеттілігі, сонымен қатар, еңбек ету кезінде өзіңнің мүмкіндігіңді жүзеге асыра білу;
Арнаулы біліктілік — нақты бір қызметтің түрін өздігінен орындауға дайындық, типтік кәсіби тапсырмаларды орындай білу ептілігі және өзінің еңбегін бағалай білу, мамандығы бойынша жаңа білім мен ептіліктерді өздігінен танып-білуге деген құштарлық;
Аутоқұзырлық - өзінің әлеуметтік кәсіптік білімің туралы дәлме-дәл сипаттау және кәсіптік бұзылыстарды еңсере білу технологияларын меңгеру;
экстремалдық (төтенше) біліктілік - төтенше жағдайларда, яғни, апат болған жағдайларда, технологиялық үрдістің бұзылу кезінде жылдам әрекет жасай білу ептілігі.
Кәсіптік мектептегі педагог негізгі операциялық функцияларды орындаған кезде, кәсіптік-педагогикалық ептіліктердің мынадай топтарын айырып көрсетуіне болады:
дидактикалық ептілік — жалпы педагогикалық ептілік, негізгі көздеген мақсатты ажырата білу;
әдістемелік-ұйымдастыру ептілігі—оқу-тәрбиелеу процесін іске асыра білу ептілігі, оқуға деген ынтасын қалыптастыру;
болжамдай білу ептілігі – оқу-тәрбиелеу үрдісінің табысты болуын жалпы болжамдау;
педагогикалық-ұйымдастыру ептілігі- тәрбиелеу үрдісін жоспарлай білу;
жалпы кәсіптік ептілік – сызба, жоба, техникалық диаграммалар жасай білу, есеп- айырысу-кескіндік жұмыстарды орындау, өндірістің экономикалық көрсеткіштерін анықтау және т.с.с.