АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәрбие үрдісінің ұтымдылығы

01.06.2017

Тәрбие үрдісінің ұтымдылығы

Тәрбие үрдісінің ұтымдылығы қандай да бір техникалық жаңалықтарды, қандай да бір әдістерді енгізу арқылы емес, шындығында тәрбие үрдісінде халықтық, адамдық, гуманистік принциптерді күшейту жолымен көтеріледі. Оқытудан айырмасы тәрбиені жақсартуда шешуші роль нақты халықтық негіздерді балалар мен ата-аналар, кіші және ересек балалар, балалар мен педагогтар, ата-аналар мен педагогтар және т.б. өзара байланысын мейлінше қайта

жаңарту болып табылады. Бұл байлыныс тұлғаны қалыптастыру мен дамытудың шешуші шарттары болады.

Студенттердің танымдық әрекеті белсенділігін арттыратын және оқытудың тиімділігін жоғарлататын жаңаша әдістер мен тәсілдерді оқыту технологияландырылған болса, адамдық пен адалдылықтың, қайырымдылық пен мейірімділіктің халықтық дәстүрлеріне соғұрлым көп көңіл бөлу талап етілу керек. Оқыту мен тәрбиелеудің үйлесімді бірлігінің методикалық аспектісін жасауымыз қажет.

Студенттерге халық туындыларын,  ұлттық музыканы, әнді, өнер мәнерлілігін, әуенділігін, көркемдік айқындылығын көрсету қажеттілігі туындайды және оны сабақта қолданудың ұтымды жолдарын іздестіріп қолдануды көздеу керек. Яғни адамгершілікке тәрбиелеу үрдісінде озық халықтық дәстүрлерді, жоғары идеялық ертегілер, мақал –мәтелдер мен жұмбақтарды, зиялы азаматтардың өлеңдерін үзінділер қолдану өте тиімді. Халық педагогикасынан өнеге алу үшін сыныптан тыс жұмыстарда, газет- журнал беттерінде, радио мен теледидар хабарларында тиісті орын берілуі керек. Сабақ пен сыныптан тыс жұмысты жүргізу ұстаз шеберлігіне байланысты. Міне осы ұстанымдарды   ескере  отырып, өзім жетекшілік ететін бірінші курс ВТ-16 тобы әртүрлі сыныптан тыс іс-шараларға қатысып, қалалық кітапхана, мұражайларға барып, колледж ішіндегі өткізілген  шараларға да белсенді түрде қатысады.

Ұстаз   мамандығының ерекшелігі , ең алдымен оның ұстаз ретіндегі білігінде .Әнші үшін- үн, музыкант үшін- музыканы ұғу қандай қажет болса, мұғалім үшін- әдеп те сондай қажет. Қазіргі кезде ұстаздық шеберлік жайлы көп айтылып жүр. Бұл өте орынды. Ұстаздар шеберлігін ұдайы шыңдап, жетілдірмейінше,  оқу орнының алдына қойылып отырған  маңызды оқу- тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыру мүмкін емес. Сонымен, ұстаздық шеберік

дегеніміз не? Бұл:

ü  Мұғалімнің өмірге деген көзқарасы, оның идеялық нанымы  мен түсінігі,  оқушыларды өз ұлтының азаматы рухында

тәрбиелей білу, ал бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін өз бойына осы қасиеттерді сіңірген адам болуы қажет;

ü  Өз пәнін жетік меңгеруі;

ü  Оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін толық меңгеру;

Бірақ  ұстаздың бойында осы айтылған үш  қасиет болғанымен, ұстаз оқушымен қоян қолтық араласпаса, педагогтік әдеп  болмаған жерде  білім де  , тәрбие де іске аспайды. Осы жерде  ұлы педагог К.Д.Ушинскийдің сөзі ойға келеді

«Педагогика теориясын қанша жетік білгенмен, педагогтық әдептің қыр-сырын меңгермейінше, бұған оның қолы жетпейді.»

Жалпы педагогикалық әдеп немесе педагогикалық такт –мұғалімге іс- тәжірибе барысында  өте қажет қасиеттер.Ұстаз шеберлігі ғана студентер бойында  туған жерге деген сүйіспеншілікті, олардың бір- біріне деген  түсіністік қарым-қатынасын, үлкендерді қадірлеп, сыйластықпен  қарауды,қайырымдылықты, ілтипатты, байсалдылықты  және сенімділік сияқты асыл қасиеттерді оятып, тәрбиелейді.

Бұл қасиеттерді жетілдіріп, оқушы бойында дамыту - өте күрделі өнер және өз- өзімен келе қоймайтын қасиет,сондықтан ұстаз өмір бойы оқып, өз білімін жетілдірсе ғана шебер ,ұлағатты ұстаз атанып, өз ісінің

жемісін көре алады.

Просмотров: 257


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст