АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Латын әліпбиіне көшу - заман талабы

24.11.2017

                         Латын әліпбиіне көшу  - заман талабы

                                                                                                                                 

     

Ұлттық жаңғыру бағытында атқарылатын шаралардың бірі ретінде Елбасының қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесі туралы айтқан ойлары жұртшылықтың, әсіресе тіл мамандарының ерекше қолдауына ие болып отыр. Бұл  бағдарлама- қазақ әліпбиі мен жазуын латын графикасына көшіру арқылы елімізді рухани жаңғыруға бастайтын маңызды құжат.

Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруге, ең бастысы - қазақ  білімі мен ғылымын жаңғыртуға жағдай туғызады», - деп тағы да атап көрсеткен еді. Ал осы жылғы сәуір айында жарияланған «Болашаққа

бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек»,- деп  нақты тапсырма берген болатын. Латын әліпбиі туралы алғаш сөз қозғалғаннан бері ғылыми ортада латын әліпбиінің мүмкіндіктері мен оны қазақ әліпбиіне көшіру мәселесі жөнінде түрлі дәрежедегі талқылаулар болып, көптеген ғылыми зерттеу мақалалар да, түрлі авторлардың құрастырған

әліпбилері де жарияланды.

«Қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» деп Елбасы атап көрсеткендей, қазақ жазуын латын әріптеріне көшірудің басты мақсаты - бұл қазақ тілін дамыту үшін жасалып жатқан шаралардың бірі.Қазақ тілі - мемлекеттік тіліміз .Осы тұрғыда қарағанда, жазуымызды латын әріптеріне көшірудің мемлекеттік тілдің дамуы мен қолданыс аясын кеңейтуге де қосар үлесі зор деп білемін. Ендеше, латын әліпбиінің болашағы да зор. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды.Еліміздің латын әліпбиіне көшу- ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі.

 

Ағартушы- педагог ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткендей, «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы-тілі» Алаш қайраткерлері де латын әліпбиіне жазу-сызуда қолданды.

«Рухани жаңғыру» атты халыққа Жолдауында Қазақ елінің үшінші жаңғыруы басталғанын жариялады. Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Бүгінгі күнде латын әліпбиіне көшу мәселесі қазақ үшін ең өзекті мәселе болып табылады. Қазіргі  таңда бірқатар жарнамалар латын әліпбиімен жазылып, адам баласының көзіне үйреншікті болып келеді. Латын әліпбиіне көшу қазақ халқының аяғынан  тік тұрып, тілін бұрмалауға жол бермейтін ең бір ыңғайлы тәсілінің бірі деп есептеймін.Сондықтан әр азамат өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, орынсыз бұрмалауға жол бермеуі тиіс.Тіл -таусылмайтын байлық.Ең алдымен туған еліміздің мемлекеттік тілін білу- әр азаматтың борышы мен міндеті. Ал қазіргідей қуатты мемлекетте өмір сүріп жатқан кезеңде біз халық болып бұл жазуды қолдап алып кетпесек, өркениетті елдердің қатарына ілесе алмаймыз.Ал   латын әліпбиі -әлемдегі ең танымал жазулардың бірі саналады,   бұл тілдің болашағы зор. Сондықтан Елбасының шешімін қолдап, оның ары қарай жүзеге асуына үлес қосуымыз қажет. Жаңа әліпби жаңарған елдің нышаны ретінде көнені келмеске кетіріп, сананы сілкіндіреді, жадыны жаңғыртып, тілге тәуелсіздік әпереді, мәдени тұтастықты орнықтырып, ақпарат кеңістігін дербестікке жетелейді. Әліппе — мәдениеттің өлшемі, сонымен қатар ол — ұлттың таңбасы, елдіктің айшығы, мемлекеттің тәуелсіздігі мен тұтастығын айқындайтын символдардың бірі. Бұл тұрғыдан алғанда таңба таңдау — өркениет жолын да таңдау деген мағына береді. Сондықтан осы арқылы Мәңгілік ел мұратын тұғырлы ететін тарихи таңдау жасалды деп ойлаймын. Заманауи талаптарға сай білімді және өркениетті ел болу. Яғни, латын әліпбиіне көшу — қазақ халқының алға қарай  жылжуына , жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Қазір әлемнің алдыңғы қатарлы дамыған елдері латын әліпбиін қолданады, латын әріптері – өркениет жазуы, өмір талабы, сондықтан оның бұл артықшылығын ескеріп, біз де өз мақсатымызға сай латын жазуының игілігін көруіміз қажет.

Просмотров: 627


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст