АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

27.02.2018

  Қазақ тілінің тағдыры - Отанымның тағдыры

Мемлекеттік тіліміздің  бүгінгі ахуалы, болашақтағы тағдыры  мен патриотпын деген Қазақстан азаматын алаңдатпай қоймайды. Әрине, бірнеше тіл білу бүгінгі күннің талабы, көп тіл білгеннен біз тек қана ұтымды жетістіктерге жете аламыз. Ол даусыз мәселе.  Қазіргі кезде қазақ тілін  латын әліпбиіне көшіру   туралы  әртүрлі  пікір – ойлар, плюстері мен минустары   айтылуда. Меніңше,   латын графикасы   ешкімге жат емес, таңсық емес, латын  әліпбиі өте танымал ,  көптеген адамдар шет ел тілдерін – ағылшын, неміс тілдерін сүйіспеншілікпен оқиды, үйренеді, сондықтан  қазақ тілі де  латын әріптерімен жазылса,   жас ұрпаққа қиынға түспейді,   жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмайды.

Қазақ тілінің тарихына үңілсек, Қазақ тілінің әліпбиі тым тереңнен тамыр алады, VI-VII ғасырлар – ерте орта ғасыр кезеңінен. Бұл уақытта Еуразия құрлығында ғылымға «Орхон-Енисей жазулары» деген таумен танылған көне түркілердің руникалық жазуы пайда болып, қол­данылды.

Көне түркі Руна жазуы

Руна жазуы бар ежелгі түркі тілінің жазба ескерткіштері

Бұл адамзат тарихындағы ең көне әліпбилердің бірі ретінде белгілі. V-XV ғасырларда түркі тілі Еуразия құрлы­ғының аса ауқымды бөлігінде ұлтаралық қатынас тілі болды. Мәселен, Алтын Орданың бүкіл ресми құ­жат­тары мен халықаралық хат-хабарлары негізінен ортағасырлық түркі тілінде жазылып келді. Халқымыз Ислам дінін қабылдаған соң руни­калық жазулар біртіндеп ысырылып, араб тілі мен араб әліпбиі тарала бастады. Х ғасырдан ХХ ғасырға дейін, 900 жыл бойы Қазақстан аумағында араб әліпбиі қолданылды.

1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Ко­мис­сар­лары Кеңесінің Президиумы латындан­дырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі ал­фавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады.

Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды.

Латын әліпбиі біздің тіліміздің  тарихында болған  мәселе, сондықтан латын графикасына көшу, әсіресе, тілдегі басы артық дыбыстардың, сөздердің, дұрыс жазылуын, қазақша дыбысталуын қамтамасыз ету үшін, тілдің өз табиғаты үшін керек.  Латын жазуы ағылшын тілі сияқты әлемге кең тараған әліпби екеніне дау жоқ. Сол арқылы біз қазіргі интернет желісінде ақпарат алуда ғылым, білім саласында осы кеңістікке көбірек кіріп, жастарымыз да тануға, тез оқуға, ақпарат алуға мүмкіндігі артады.

Қортындылай келе, әр мемлекеттің өз мемлекеттік тілі бар.  Мысалы, орыс тілінің отаны – Ресей, Қытай тілінің отаны – Қытай, ал қазақ тілінің  Қазақстаннан басқа отаны жоқ, сондықтан  осы тілді білу - Қазақстанда тұратын әр Қазақстан азаматының міндеті, парызы.     

Сонымен қатар, Елбасымыз айтқандай, көкейтесті мәселе  -  заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті  азаматтарды, бәсекеге қабілетті, өзіңнің ұлттық және жеке байлығың  нақты білетін, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағың  жоспарлай алатын  патриоттарды тәрбиелеу.

Көкшетау қаласы Жоғары колледжінің

оқытушысы Халима Шәріпқызы Қожабаева  

 

Просмотров: 917


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст