Текст
11.03.2026
Бүгін Көкшетау қаласындағы Жоғары техникалық колледжде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, қазақстандық саяси қайраткер және әлеуметтанушы Юлия Владимировна Кучинская, сондай-ақ «Аманат» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Әлімбетова Ақманат Ақниетовнамен студенттер мен инженерлік-педагогикалық ұжымның кездесуі өтті.
Кездесудің негізгі тақырыбы Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша алдағы референдум. Қонақтар ұсынылып отырған өзгерістердің мәні, референдумның маңызы және азаматтардың маңызды мемлекеттік шешімдерді қабылдаудағы рөлі туралы айтып берді.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Студенттер мен жас педагогтер үлкен қызығушылық танытып, Конституцияға енгізілетін өзгерістерге, сондай-ақ олардың қоғам мен мемлекеттің дамуына ықпалына қатысты сұрақтарын белсенді түрде қойды.
Кездесу соңында колледж басшысы Акнур Еслямова қонақтарға ашық әрі мазмұнды әңгіме үшін алғыс білдіріп, студенттер мен оқытушыларды алдағы референдумда дауыс беруге қатысып, азаматтық белсенділік танытуға шақырды.
Қатысушылар мұндай кездесулер жастардың елдегі қоғамдық-саяси үдерістерді тереңірек түсінуіне мүмкіндік беріп, азаматтық ұстанымды қалыптастыратынын және өзекті мәселелерді сындарлы талқылауға жағдай жасайтынын атап өтті.
Іс-шара мемлекеттік билік өкілдері мен ел болашағына бейжай қарамайтын жастар арасындағы мазмұнды диалог алаңына айналды.