АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ САБАҚТА ҚОЛДАНУ

23.01.2020

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың өз Жолдауында оқыту үрдісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу, педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор делінген. Осы Жолдауды қолдай отыра, студенттерге  білім берудегі басты мақсат жеке ұрпақтың білім деңгейін көтеру және жан-жақты жеке дамыған тұлға қалыптастыруға міндеттіміз.

Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалімнің шығармашылық ізденісі, алдындағы шәкірттің білімін бағалауы, оқу барысында шешуші роль атқарады. Бүгінгі білім беру технологиясында кеңінен қолданылып жүрген В. Зенковтың «Дамыта оқыту», Ж. Караевтың «Деңгейлеп оқыту», сыни тұрғысынан ойлау. Н. Оразақынованың «Сатылай кешенді ойлау», М. Жанпейісованың «Интерективтік-модульдік оқыту» технологиялары әрбір мұғалімнің  сабақтарды өткізу үрдісінде қолданылады деп ойлаймын. 

Орыс ғалымы Л. В. Зенков «Жаңа технологиялық əдіс-тəсілдерді пайдалану – білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы» деп атап көрсеткен. Заманауи əлемдік ақпаратқа ілесу, ондағы жаңашыл əдіс-тəсілдерді меңгеріп пайдалана білу бүгінгі күннің мұғалімінен үлкен ізденісті, зор талапты, өз білімін жетілдіріп арттыруды қажет етеді. Қазіргі уақытта қолданыста жүрген 25-ке жуық оқыту технологиялары, 40-қа жуық сабақ түрлері бар. Бірақ дегенмен мұғалім үнемі ізденіс үстінде жүруі қажет.

Сонымен инновациялық білім беру құралдарына:
аудио-видео құралдар
компьютер
интерактивті тақта
интернет
компьютер – мультимедaялық құрал
электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен инновациялық сайт және тағы басқалары жатады, бұл  оқу үрдісінде немесе сабақтарда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану болып табылады.
         Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Мультимедиялық оқулықтар біріншіден оқушылардың қызығушылығын арттырады, екіншіден зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді, сонымен қатар оқушының білім алу кезеңінде оқу іс-әрекетіне белсенділігін арттыра түседі. Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттердің біріне айналды.
Қазақстан Республикасының «Білім» туралы Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр.
        Ақпараттық технологияларды пайдаланудың педагогикалық әдістемелік негіздері қалыптасу үстінде. Оқу процесінде оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын тиімді пайдалану және қолдану айтарлықтай оң тәжірибе береді. 

Жаңа технологияларды меңгеру ұтымды қолдана білу мұғалім шеберлігіне байланысты болады. Әртүрлі инновациялық технологияларды және техниканы қолдану аясы болады. Дәстүрлі  сабақты түрлендіре отырып,  студенттерге  интерактивті тақтаны және әртүрлі оқыту порталдарын, оқыту технолгияларын қолдану арқылы білім алуға үйретіп, оған шығармашылықпен қызыға жұмыс жасау дағдысын қалыптастыруымыз керек. Мұғалім студентті қызықтыра талап қоя отырып, танымдық ілімдерін жетілдіруі керек. Сондықтан мұғалім шеберлігі - ізденіс нәтижесі. Сабағымыз тартымды, қызықты болуы үшін жаңа оқыту технология элементтерін ұтымды қолдана білу жолдарын қарастыруымыз керек.

Токтаганова А.С., информатика пәнінің оқытушысы

 

               

 

 

Просмотров: 510


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст