АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Болашаққа бағдар

07.04.2022
 2022 жылдың 6 сәуірінде Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінде технологиялық пәндер оқу әдістемелік бірлестігінің пән апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Мухаметжанова Сауле Муратовнаның «Қазақстан экономикасы -болашаққа бағдар» тақырыбында ашық іс-шарасы өткізілді. 
  Колледж студенттері жағдайды саралай отырып, еліміздің болашақ экономикасы жайында презентациялар дайындады. А-19 тобының студенті Мартынова Юлия «Біздің көзқарасымыз-Қазақстан экономикасы» атты жұмысында Қазақстан экономикасының негізгі проблемаларын көрсетті. Юлия қазір елдің экономикалық жағдайы көңіл көншітпейді, егер қазіргі жағдайда өнеркәсіпті белсенді дамытып, жаңа пайдасыз шығындарға жол бермесек, елдің кірісін едәуір арттыруға болады деп санайды. 
 Сол топтың студенті Кулиш Анастасия экономикалық мәселелерге тоқталды: саяси бәсекелестіктің болмауы, экономиканы қолмен басқару және т.б. Бұл жағдайдан шығу жолы: экономиканы ырықтандыру, елді түбегейлі жаңғырту, ауыл шаруашылығын дамыту және оның өнімдерін экспортқа өткізу.  Спикер Яковлева Александра өзінің презентациясында Қазақстанның болашағы туризм мен ғарыш саласын дамытуда деп есептейді. МС-18 тобының студенттері Маули Бекзат пен Казбеков Алмаз Қазақстанның болашағы технология мен машина жасауды дамытуда екеніне сенімді. Ал ИС-19 тобының балалары Захаров Дмитрий мен Шенфельд Ульяна экономиканы көтеру қажет екеніне сенімді: аграрлық секторды дамыту, зауыттар мен фабрикалар салу, экономиканың барлық салаларында процестерді автоматтандыру мен роботтандыруды жеделдету. Болашақ сәулетшілер-Сердалин Нұрсұлтан мен Бектасов Әлішер «Қазақстан: кеше, бүгін, ертең» тақырыбында презентация ұсынды. Нағыз патриоттар ретінде олар өз өнерлерін ел тарихынан, оның мәдениеті мен дәстүрлерінен бастады. Олар Қазақстанның қазіргі жағдайы, оның проблемалары және оларды шешу жолдары туралы айтты. 
  Іс-шара спикерлері үлкен жұмыс атқарды. Олар ақпаратты мұқият дайындап, жинап, талдап қана қоймай, көпшілік алдында сөйлеуді үйренді. Әрине, бұл бос әңгіме емес еді. Балалар ел экономикасына қалай көмектесуге болады және қазірдің өзінде өз қабілеттерін қалай пайдалануға болады деген сауалдарға жауап алды.
Кулиш Анастасия ең бастысы-өзін-өзі дамыту және туған өлкенің проблемаларына бей-жай қарамау деп есептейді.
  «Мен елдің дамуына үлес қосу үшін ең алдымен, адам өзіне жақын, ұнайтын іспен айналысуы керек деп санаймын. Адам өз ісін ұнатып жасаса, сонда ғана ол тиімді болады. Ол әлдеқайда жылдам дамиды, сол арқылы оның тәжірибесі, білімі, іскерлігі мен қаржысы өседі»,- деді Сердалин Нұрсұлтан. 
Бұл мәселе іс-шараға қатысқан студенттер мен оқытушыларды бей-жай қалдырмады. 
  Экономика пәнінің оқытушысы Тілеулина Шолпан Суюндуковна еліміздің экономикасының дамуы мен өркендеуіне барлық мүмкіндіктер бар екенін, елдің басты әлеуеті - білімді жастар екендігін еске салды. А-19 тобының студенті Кабдушев Али: «Білімді болу және дүниетанымыңды ерте жастан бастап дамытумен айналысу, өз бетімен жұмыс істеу, саналы болу өте маңызды» - деп атап өтті. 
«Қазақстан экономикасының болашағы адамның өзіне де байланысты деп есептеймін. Ерте жастан бастап жастарды экономика негіздеріне үйретіп, оларға көбірек сенім арту керек, сонда біз елдің болашақ гүлденуіне көбірек мүмкіндік аламыз», - деп өз пікірін білдірді МВТ-19 тобының студенті Дель Константин. 
Әрине, балалар үлкен экономистер емес, тіпті бизнесмендер де емес, бірақ бүгінде студент бола отырып, олар ел экономикасының рөлін және ондағы өздерінің алатын орнын сезіне алуы және қазірдің өзінде қолдарынан не келетінін түсінуі керек. Жастар тыс қалмай, шамалы болса да қадам жасайды, өйткені олар елдің азаматы, патриоты! 
Оқытушы С.М.Мухаметжанова
Просмотров: 223


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст