АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Заманауи білім беруде жеке тұлғаны тәрбиелеу үшін оқу уәждемесі

15.02.2022

Еңбектегі табыс - бұл табысқа жеткен адамның мақтанышы.

Өз еңбегін мақтан тұтпаған нағыз адам бола алмайды.

В.А.Сухомлинский

 

Соңғы кездері өткен күнді қайта саралай келе «студенттер неге оқығысы келмейді?» деген сауал жиі мазалайды. Сабақ «тақырыбына келмейтін» бос әңгімелерге, телефонға әуестеніп, тіпті  сабаққа мүлдем келмеуі де «проблема емес». Балалардың дәл қазір сабаққа не үшін қатысып жатқандығы туралы ойлайтыны екіталай, жалпы, бұл орынды ма деген сияқты  ойлар еріксіз толғандырады... Қашықтықтан оқыту кезеңдері, карантиндік шектеулер, бәлкім студенттің тұрмыс жағдайы, менталитеті әсер етті ме, білмеймін, бірақ ондай проблема туындап отыр. Әрине, колледж деңгейінде ғана емес, өңірлік және республикалық деңгейде түрлі іс-шараларға қатысып, қызығушылықпен оқитын балалар да бар. Тіпті оқудың аяқталуын күткісі келмейтіндер немесе күтуге шамасы келмейтіндер, оқу мен жұмысты бірдей алып жүргендер де бар, кейбіреулері тіпті мамандығы бойынша жұмысқа да орналасқан.   

Иә, бір жағынан, колледж студентке өздігінен қажетті ақпаратты табуға және оның көріп, естіп отырғанын сыни тұрғыдан қабылдауға көмектесетін жалпы білім мен дағдылар беретін «оқуды үйретуі» керек деп есептеледі, ал  екінші жағынан білім алушы алған білімінің белгілі бір пайдасы болуға тиіс екенін, ол өз кезегінде олардың не үшін және өмірде, кәсіби қызметте қалай пайдалы болатынын түсінуі тиіс.

Студент өзі қаншалықты білімді болуға құштар болса, соншалықты білімді, қаншалықты жеке тұлға болуға ұмтылса, соншалықты дамыған тұлға болып қалыптастқанда жағдайда ғана оқыту тиімді болатыны белгілі.

Осы тұрғыдан алғанда, колледждің білім беру жүйесі студенттің қажетті кәсіби дамуына әкелетін оның жеке тұлға ретінде дамуына, оқуына барлық жағдайды жасайды: заманауи оқу-өндірістік шеберханалар мен орталықтар, жабдықталған оқу кабинеттері, түрлі үйірмелер мен спорт секциялары.  Дегенмен, менің ойымша, студенттің өзіндік танымдық белсенділігі білім алудың маңызды факторы болып табылады. Студенттің механикалық тұрғыдан емес, өзі білімді меңгерудің маңыздылығын түсінуі және оқу-танымдық процестің неғұрлым өнімді әдістері мен дағдыларын меңгеруі тиіс. Бұл ретте пән бойынша оқыту жүйесін студентті оқуға мәжбүрлеу мақсатында емес, оның өзі оқығысы келетіндей етіп құру қажет.

Қазіргі уақытта оқу процесінде білім алушылардың өз бетінше жұмыс істеуінің әртүрлі нысандарын қолдану білім беру жүйесінде оқытудың маңызды және кеңінен талқыланатын проблемаларының бірі болып табылады. Өйткені, пәнді оқыту процесінде осындай жұмыс түрін қолдануда студенттің ынталандыру, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі бақылау, шығармашылық қабілеттері, сондай-ақ сыни ойлауды дамыту, мақсат қою және оларға қол жеткізу тәсілдерін айқындау бастамалары айқындалады.

Сондай-ақ, өз бетінше жұмыс істеу студенттің санасын ақпаратты пассивті тұтынушы позициясынан білім беру процесінің белсенді және саналы түрде әрекет ететін қатысушысы позициясына қайта құруға негіз бола алады. Әрбір студент мұны түсінуі тиіс. Тым болмаса оқудағы жағдайды қалай өзгертуге болады? Бұған қалай қол жеткізуге болады? Менің ойымша, бірінші кезекте өзің үшін басымды тұстарын белгілеп, өз-өзіңмен шынайы болып, өзіңді тыңдай білу қажет.

 

Математика пәнінің оқытушысы Бекмагамбетова З. К.

Просмотров: 318


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст