АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Шеберлер қаласы» интерактивті алаңы

02.06.2025
💯"Жаңа Жағалау" ашылуына орайластырылған ауқымды іс-шараға колледж басшысы Еслямова Ақнұр Қабиденқызының жетекшілігімен Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінің студенттері мен инженерлік-педагогикалық ұжымы заманауи технологиялардың мәдени қызметке интеграциялануын бейнелейтін робототехника мен автоматтандыру элементтерін көрсеттетін салтанатты шеруге қатысты.
💯STEM-білім беруді (ғылым, технология, инженерия, математика) практикалық іске асыру үшін инновациялық платформаға айналған «Шеберлер қаласы» интерактивті алаңы ерекше орын алды. Мұнда оқушылар сызбаларды оқу, 3D басып шығару кезінде дизайнды модельдеу бойынша шеберлік сабақтарына белсенді қатысты, робототехникалық конструкторларды өз бетінше басқарды және дәнекерлеу құралының көмегімен полипропилен фитингтерін дәнекерлеу, құбырларды кесу, араластырғыштарды әзірлеу/құрастыру,кестелеу, бояу, материалдан жасалған бұйымдарды безендіру сияқты техникалық құралдарды пайдаланып жаңа дағдыларды игерді.
💯Бозайғыр ауылының агро-техникалық бөлімшесі балалары үшін шеберілік сабақтарын ұйымдастырды, олар тамақтандыру және аграрлық бағытты ұйымдастыру негіздерімен балаларды таныстырды. Іс-шаралар барысында қатысушылар тамақтануды жоспарлау және ұйымдастыру дағдыларын пысықтады, сондай-ақ өсімдіктерге күтім жасау, егін егу және егін жинау сияқты агротехникалық жұмыстарда практикалық тәжірибе алды. Бұл шеберлік сыныптары балалардың ауыл шаруашылығына деген қызығушылығын дамытуға және агроөнеркәсіпте одан әрі кәсіби өсу үшін қажетті дағдыларды қалыптастыруға ықпал етті.
💯Бұл мереке жас ұрпақ, болашақ инженерлер арасында техникалық сауаттылық пен инженерлік ойлауды дамытуға ықпал ете отырып, инженерлік құзыреттер мен педагогикалық әдістерді табысты интеграциялаудың үлгісі.
💯Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың қолдауының арқасында іс-шара кеңінен жарияланып, білім беру мекемелері мен жергілікті қоғамдастық арасындағы байланысты нығайтып, білім беру процесіне инновациялық технологияларды енгізуді және болашақ инженерлердің техникалық даярлық деңгейін арттыруды ынталандырды.
💯Бұл қаланың кішкентай тұрғындары үшін нағыз шығармашылық пен қуаныш мекені болды. Мектеп оқушылары мен мектеп жасына дейінгі балалар әртүрлі инженерлік бағыттар бойынша шеберлік сыныптары мен қызықты сабақтарға ынта-жігермен қатысып, өздерінің техникалық құралдарды сенімді меңгергере алатындарын көрсетті.
Просмотров: 1638


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст