Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінде ADVANCED MANUFACTURING (Озық өндіріс) халықаралық салалық аккредиттеуді және Индустрия 4.0 Инновациялар орталығын «Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледж» МКҚК үшін құруды және CDIO (Conceive-Design-Implement-Operate) тұжырымдамасын енгізуді көздейтін Marshall Cavendish Education-мен шарт жасалды.
Мақсаты - 07150100 «Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)», 06120100 «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша)» мамандықтары бойынша инженерлік білім беру бағдарламаларын түлектердің білім сапасын, орнықты дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін CDIO халықаралық стандарттарына сәйкес келтіру.
CDIO (Conceive-Design-Implement-Operate) стандарты бойынша аккредиттелген оқу орталығы мәртебесін алу (бұдан әрі - CDIO) Көкшетау қаласының ЖТК-і әлемдік салалық стандарттарға сәйкес келетін жоғары сапалы білім беретініне және студенттерді келесі озық өндірістік секторларда білікті жұмысқа даярлайтынына кепілдік береді: автоматтандыру, робототехника, 3D-басып шығару, заттардың өнеркәсіптік интернеті және ақылды фабрикалар.
ADVANCED MANUFACTURING (Озық өндіріс) аккредиттеу жол картасына және Индустрия 4.0 Инновациялар орталығын құруға және CDIO (Conceive-Design-Implement-Operate концепциясын енгізуге сәйкес:
2025 жылғы 9-11 сәуір аралығында Сингапур политехникалық колледжінің аудиторлары сапардың қорытындысы бойынша ADVANCED MANUFACTURING (Озық өндіріс) аккредиттеу және «Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледж» (ЖТК) МКҚК Индустрия 4.0 Инновациялар Орталығын құру бойынша шолу есебін дайындады. Осы шолу мен аккредиттеу жөніндегі есептің мақсаты - Smart Industry Readiness Index (SIRI - Индустрияға дайындық индексі 4.0) әдістемесінің көмегімен Жоғары техникалық колледж (ЖТК) ұжымына ағымдағы жабдықтың және өндірістік базаның дайындық дәрежесін және сәйкестігін бағалауда қолдау көрсету. Бұл бастапқы диагностика Сингапур политехникалық колледжімен бірлесіп іске асырылатын Индустрия 4.0 Инновациялар орталығын құру үшін бастапқы нүкте болып табылады. Орталық жергілікті кәсіпорындарды Индустрия 4.0 технологияларымен таныстырады және жұмыс күшінің жаңа кәсіби дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Бұдан басқа, шолуда релевантты технологияларды таңдауды, персоналды даярлауды және ұсынылатын шешімдерді масштабтауды қоса алғанда, дамудың негізгі бағыттары бойынша ұсынымдар ұсынылған.
20-26 маусым аралығында CDIO оқыту бағдарламасы өткізіледі - қатысушыларды CDIO негіздерімен таныстыру үшін әзірленген кіріспе курс болып табылады, ол студенттердің жүйелерді әзірлеу, жобалау, енгізу және пайдалану бойынша дағдыларын дамытуға бағытталған инженерлік білімге кеңінен танылған тәсіл. Қатысушылар CDIO білім беру моделінде қолданылатын оқыту әдістемелерімен және педагогикалық стратегиялармен танысады.
21-25 шілде аралығында CDIO оқыту бағдарламасының 2-фазасы оқытушыларды, әкімшілікті және тиімді оқу курстарын жобалау, жоспарлау және енгізу үшін қажетті дағдылар мен білімдермен жарақтандыра отырып, оқу бағдарламаларын әзірлеушілерді даярлауға бағытталған. Қатысушылар CDIO білім беру қағидаттарын ескере отырып, оқу бағдарламаларын әзірлеу туралы терең білім алады.
18-21 тамызда Батамада (Индонезия) өтетін CDIO өңірлік кездесуіне және CDIO комитетінің мүшелікті және аккредиттеуді алу жөніндегі мүшелерімен конференция жұмысына қатысу.
Аккредиттеу мынадай түйінді критерийлерге негізделеді:
• Оқу бағдарламаларының салалық стандарттарға (ISO, IEC, ANSI, NIST және т.б.) сәйкестігі.
• Оқытушылар құрамының сапасы: практикалық тәжірибесінің, біліктілігінің және салалық тағылымдамаларға қатысуының болуы.
• Материалдық-техникалық база: мынадай заманауи зертханалар мен жабдықтардың болуы:
o Өнеркәсіптік автоматтандыру және робототехника жүйелері (PLC, SCADA, индустриялық роботтар).
o 3D-басып шығаруға арналған жабдық (FDM, SLA, SLS-принтерлер).
o Заттардың өнеркәсіптік интернетіне арналған сенсорлар мен желілер (IIoT).
o Ақылды зауыттарды басқарудың цифрлық платформалары (Smart Factory).
• Студенттерді практикалық даярлау: дуалды оқытуды, кәсіпорындардағы тағылымдамаларды, жобалау жұмыстарын интеграциялау.
• Түлектерді табысты жұмысқа орналастыру: жоғары технологиялық кәсіпорындарға жұмысқа орналасқан түлектердің пайызы.
Аккредиттеу кезеңдері
1. Өтінім беру: оқу орны бағдарламаларды, кадрлық құрамды және техникалық жарақтандыруды сипаттай отырып, өтініш жібереді.
2. Алдын ала талдау: сарапшылар түлектердің құжаттарын, стандарттарға сәйкестігін, статистикасын зерделейді.
3. Көшпелі сараптама: комиссия ТжКБ-ға барады, білім беру процесіне аудит жүргізеді, оқытушылармен және студенттермен әңгімелеседі, жабдықты бағалайды.
4. Бағалау және шешім: аккредиттеу органы нәтижелерді талдайды және мәртебе беру туралы шешім шығарады.
5. Сертификат беру: табысты мекемелер қайта бағалаудан өту қажеттілігімен 3-5 жыл мерзімге аккредиттеу сертификатын алады.
Аккредиттеудің артықшылықтары
• Жұмыс берушілер мен талапкерлер алдында оқу орнының мәртебесін арттыру.
• Халықаралық тағылымдама бағдарламалары мен гранттарға қол жеткізу.
• Озық кәсіпорындармен әріптестік құру және білім беру процесіне заманауи технологияларды ықпалдастыру.
• Нақты өндіріс талаптарына сәйкес келетін студенттерді даярлау сапасының кепілдігі.
Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінде аккредиттеуді жүргізетін ұйым Singapore Polytechnic-пен бірге Marshall Cavendish Education-мен шарт жасасты.
Өңір / Регион |
Ұйымның атауы / Наименование организации |
Мамандық / Специальность |
Біліктілік / Квалификация |
Аккредиттеу органының атауы / Наименование аккредитационного органа |
Аккредиттеу күні / Дата аккредитации |
Аккредиттеу аяқталу мерзімі / Окончание срока аккредитации |
Ақмола обл. |
«Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі» МКҚК |
07150100 «Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)», 06120100 «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша)» |
5АВ06120101 Есептеу техникасы мен ақпараттық желілердің қолданбалы бакалавры, 5АВ07150101 Машина жасау технологиясының қолданбалы бакалавры |
Singapore Polytechnic International |
2025 жыл, 10.03-01.09 |
01.09.2025 |
А. Еслямова, К-ЖТК басшысы