АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Рухани жаңғырған ел болудың өзегі - мемлекеттік тіл

05.11.2018

Рухани  жаңғырған ел болудың  өзегі - мемлекеттік тіл

Көкшетау қаласының

жоғары  колледжі

 қазақ тілі оқытушысы

Қожабаева Х.Ш.

Қазақстан Республикасының   мемлекеттік тілі  өз мәртебесіне  сай болу үшін,  қазақ тілі бүгінгі  қоғамның әр саласында кеңінен қанат жаю үшін,   әр азамат  үш міндетті өз мойнына  алуы керек:

а) қазақ қазақпен  қазақша сөйлесін

 ә) отбасында Ана тілімізді  ардақтайық

б) мемлекеттік қызметті мемлекеттік тілде жүргізу.

Сонымен қатар қазіргі заман талабы  -   мемлекеттік тілді   жаңа латын әліпбиіне көшіру.  Бұл көшудің бірнеше себептері бар. Біріншіден, елбасы айтқандай,  бізге кирилл әліпбиі саяси себептермен келді. Соның нәтижесінде қазақтың төл жазу емлесіне  нұқсан келтірілді. Ол мамандар тарапынан  тәуелсіздік кезеңінде  ғана  ашық айтыла басталды.  Жалпы әлемдегі өркениетті елдердің әліпбиіне көз салсақ,  онда нағыз жетілген әліпбилер көп дыбысты мейлінше аз таңбамен  береді. Мәселен, ағылшын тілінде 45 дыбыс 26 таңбамен, француз тіліндегі 35 дыбыс дәл осындай 26 таңбамен  берілді . Ал  қазақ тілінде 28  дыбыс болса, сол 28 дыбыс  42 таңба арқылы берілген. Бұл әліпбиде  қазақ тілінің төл дыбыстық жүйесінде кездеспейтін  артық 10 таңба бар.

Екіншіден ,  дүниежүзіндегі түркі халықтарының  60 пайыздан астамы  осы латын әліпбиінде.  Қазір түркі тілдес халықтардың 7 дербес мемлекеті бар. Солардың  Қазақстан ен Қызғызстаннан басқасы латын әліпбиінде.

Қазақ әліпбиі латын графикасына  көшкенде туындайтын кейбір қиындықтар да бар. Сол мәселерді шешуге арналған  комиссиялар құрылды. Ол комиссиялар құрамына  белгілі ғалымдар,  аудармашылар,  шетел тіл мамандары, лингвистер  т.б. енді.  Шешілмеген,  пікірталас тудырып тұрған да проблемалар көп.

Сол проблемаларды  халықпен бірге  қосылып шешу үшін,  әрбір Қазақстан азаматының пікірін назарға алу үшін, қазан айының   30-нда  "Достар" сарайында  ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдер дамыту  және қоғамдық- саяси жұмыс комитетінің Ш.Шаяхметов  атындағы " Тіл-қазына " ұлттық  орталығы   ғылыми - практилалық семинар өткізді. 

Семинарда     филология ғылымдарының докторы  Қасиет Молгаждаров   құрылған комиссиялар  жұмысында кездесетін  қиыншылықтармен таныстырды. 

Ортада  депутат,ғалым Оразкүл Асанғазы

 

 Ана тіліне жаны ашитын патриот ретінде  сөйлеген сөзімен, айтқан деректермен тыңдаушылардың көңілінен шыққан  депутат Оразкүл Асанғазы: "Бүгінгі күні  тірі 2000 тілдің арасында  қазақ тілінің алып отырған орны  жетпісінші.   Енді қазақ тілі ешкімнен де кем емес, қазақ тілі  әлемнің өркениетті  тілі болуға толық негізі бар. Ол саған, маған байланысты.  Әй , қазақ!  Бір бірімізді осыған  қамшылап қазақты өз мәртебесіне көтермесек, ешкім  де көтермейді! Бар болайық, нар болайық!"- деп, өз сөзін аяқтады.

Просмотров: 360


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст