АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құрылысшыларға арналған "инженерлік механика" пәнінде жаңа ойны технологияларын қолдану

13.10.2018

Жаңа заман талаптарына байланысты оқыту процесінде жаңа технологияларды пайдалану аясын кеңейту оқытушылардан үнемі әдістемелік, ізделісті талап етеді . Ол оқытудың әр түріндегі, әр кезеніңдегі студенттердің мұмкіндіқтерің анықтау және оларды іс жүзінде қолданып, нәтижелеріне сараптап қорытындылауды тиімді түрде жүзеге асырады.

Бүгінгі таңда білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Осындай жана технологияларды пайдалана отырып сан алуан түрлі сабақ түрлерін өткізуге болады. Сол сабақтардың біразына тоқталайын. Инженерлік механика пәні бойынша әр түрлі ойын сабақтарын әзірлеп дайындадым. Солардың ішінде «Білгірлер сайысы» сабағы - сұрақтарды студенттер өздері қояды, өздері жауап береді. Топ үш топшаға бөлінеді. Бірі жауап берсе, қалғандары бағалайды . Әділ қазылар алқасы да, студенттерден тұрады. Сайыс сабағының тағы бір түрі «Сабақ және емтихан». Рөлдерді студенттер өздері белгілейді. Рөлдер: оқытушы, емтихан тапсырушы, комиссия мүшелері. Ойын-семинар: «Не? Қандай? Қашан?», «Брейн-ринг», «Семинар-шоу» - бұл сабақтарда әрбір топшалар тапсырманың түйінін табу үшін сценариін жазады, рөлге бөлінеді, костюмдер ойлап табады, таңбасын, ұранын, өлең кұрастыру, рөлде ойнау сияқты ерекшеліктерімен көзге түседі. Сонымен қатар «Аукцион» сабағында да белгілі бір тақырыпты маңызды мәселе бойынша өз шамаларында қарай тапсырмалар мен сұрақтар үлестіріледі. Тез және дұрыс орындай алатын студенттер, әрине қиынырақ тапсырмаларды орындап, жоғары баға алады.

Ойын технологияларын педагогикалық тұрғыдан дұрыс пайдалана білу студенттің сабаққа деген қызығушылығын артып, сабаққа деген ынтасы оянады, өз бетімен жұмыс істеуге, дебат ұйымдастыруға, проблемалық сұрақтарға жауап беруге, өмірмен байланыстыруға еркін де кең мүмкіндік береді.

Жаңа технология әдістерін қолдану - бұл әр оқушының жүрегіндегі сезім-талшықтарын, қиялындағы ойды ояту, шығару, қабілетін ашу. Логикалық ойлау қабілетін дамыту, шығармашылығын жетілдіру. Қай технологияны сабақта қолдансаң да, осы тұжырымды басшылыққа алу керек. Сонда ғана оқушылардың білім сапасын арттыруға қол жеткізесің.

Просмотров: 465


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст