03.11.2025

Қазақстан және Қытай колледждері жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты нығайтады.
Мемлекет басшысының 2025 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында және «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында қабылданған жоспарға сәйкес, цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын дамытуға ерекше назар аударыла отырып, 2025 жылғы 31 қазанда Қытай Халық Республикасының Хубэй провинциясы, Ухань қаласында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде (ТжКБ) жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастық жөніндегі халықаралық форум өтті.
Форум «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберінде «Қытай–Қазақстан арасындағы ақылды байланыстар: ЖИ қолдауымен кәсіби білім беруді бірлескен дамыту» тақырыбымен өткізілді.
Оған Қазақстан делегациясы — ҚР Білім беру министрлігі жанындағы «Talap» АҚП-ның өкілдері және ақпараттық технологиялар бағытындағы 10 жетекші колледж, соның ішінде Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжі» кірді.
Тараптар ТжКБ саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу және оқу процесіне ЖИ-мен цифрлық инновацияларды енгізу мәселелерін талқылады.

“Қазақстанның кәсіби колледждері атынан мен кәсіби білім беру саласында жасанды интеллект бойынша Қытай–Қазақстан альянсын құру туралы бастама көтеремін. Аталған альянс Қытай мен Қазақстан арасындағы жасанды интеллект саласындағы кәсіби білім беру бағытында өзара тәжірибе алмасу мен ынтымақтастықты тереңдетуге арналған тиімді платформа болмақ.”, кездесу барысында бұл бастаманы колледж басшысы
Акнур Еслямова атап өтті.
Қазақстандық және қытайлық колледждер жасанды интеллекті саласында Қазақстан–Қытай білім альянсын құру жөніндегі ниет туралы құжатқа, сондай-ақ ТжКБ саласында әріптестік меморандумдарға қол қойды. Негізгі бағыттар: «ЖИ кәсіби қызметте» модулін енгізу, AI-лабораториялар мен инновациялық шеберханаларды құру, қос дипломдық бағдарламалар мен халықаралық стажировкаларды іске қосу, оқу үрдістерін автоматтандыруға арналған цифрлық платформалар мен AI-ассистенттерді әзірлеу.
Арнайы назар «FiberHome Telecommunication Technologies Co., Ltd.» компаниясымен серіктестікке аударылды — телекоммуникациялар мен цифрлық шешімдер саласында әлемдік көшбасшы. Ынтымақтастық Қазақстанның ТжКБ жүйесіне алдыңғы қатарлы ЖИ, байланыс және цифрлық инфрақұрылым технологияларын енгізуге мүмкіндік береді. Қазақстандағы бір колледжде AI-лабораториясын құру жөніндегі пилоттық жоба іске қосылуы және оны басқа колледждерде кеңейту жоспарлануда.