04.11.2025
Қытай, Ухань қ., 2025 ж., қараша

«Бір белдеу, бір жол» бастамасы
«Қытай мен Қазақстан арасындағы ақылды байланыстар: жасанды интеллект қолдауымен кәсіби білім беруді бірлесіп дамыту»

Жұмыс мамандықтары жылы және Елбасының Жолдауы аясында Қазақстан мен Қытай жасанды интеллект саласындағы білім беру альянсын іске қосып отыр — бұл кәсіби білім, цифрландыру және инновациялар саласында ынтымақтастықтың жаңа алаңы.
Форум жұмысына Қазақстан тарапынан ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Talap» КеАҚ өкілдері мен ақпараттық технологиялар бағыты бойынша еліміздің 10 жетекші колледжі қатысты

Альянс біріктіреді:
Қазақстан мен Қытайдың жетекші колледждерін;
Бірлескен білім беру бағдарламаларын;
Академиялық алмасулар мен зерттеу жобаларын.

Негізгі мақсат:
Цифрлық дағдылар мен жасанды интеллект технологияларын меңгерген жаңа буын мамандарды даярлау.

Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжі басшысы Ақнұр Еслямова мен Қытайдың Ухань бағдарламалық қамтамасыз ету және инженерлік кәсіби колледжі ( 武汉软件工程职业学院 /Wuhan Vocational College of Software and Engineering) — IT-мамандарын даярлауда және білім беру саласында цифрлық инновацияларды енгізуде жетекші оқу орны арасында ынтымақтастық меморандумы рәсімделді. Аталмыш институт Қазақстанда жасанды интеллект жобаларын дамыту және AI-лабораторияларын құру бағытында негізгі стратегиялық серіктес болып табылады.

Ынтымақтастық аясында келесі бағыттар бойынша іс-шаралар жоспарланған:
«Кәсіби қызметте жасанды интеллектті қолдану» оқу модулін енгізу;
Қос диплом бағдарламаларын дамыту;
Студенттер мен педагогтардың халықаралық тағылымдамаларын ұйымдастыру.

Стратегиялық серіктестік:
Арнайы назар FiberHome Telecommunication Technologies Co., Ltd. компаниясымен бірлесе жүзеге асырылатын серіктестікке аударылды — телекоммуникация және цифрлық шешімдер саласындағы әлемдік деңгейдегі жетекші компания.
Бірлескен жобалар Қазақстанның техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне озық AI-технологияларын енгізуге, заманауи цифрлық инфрақұрылымды дамытуға және білім беру сапасын арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.