АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

К-ЖТК басшысы Еслямова Ақнұр ҚР Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқада қатысуы

19.02.2024

Астана қаласында Оқу ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктерінің бірлескен кеңейтілген алқа отырысы өтті. Алқа отырысына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова, ведомтстволар басшылары, Парламент депутаттары, білім басқармаларының, бағынышты ұйымдардың басшылары, педагогикалық және ата-аналар қоғамдастықтарының өкілдері, білім саласының басқа да қызметкерлері мен сарапшылары қатысты.

 Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінің»  басшысы Еслямова Ақнұр «Сапалы білімнен сапалы адами капиталға» ҚР Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында:

"ҚР Оқу-ағарту министрлігі 4 макроөңірдегі салалық кластерлерді дамытуға сәйкес колледждерді профильдеу бағдарламасын әзірледі (Оңтүстік – өнеркәсіп, HOREGA қызметтері; Орталық және Шығыс – құрылыс, машина жасау; Солтүстік – ауыл шаруашылығы; Батыс – мұнай өндіру, қызмет көрсету және өңдеу).

 Ақмола облысы "Ауыл шаруашылығы" кластері бойынша Солтүстік макроөңірге жатады.

 Агроөнеркәсіптік кешен кадрларын тиімді даярлау және ауылдық колледждердің дамуын ынталандыру үшін оларды жетекші колледждермен біріктіру жүргізілетін болады.

 Бұл жұмыс басталып кетті, «Бозайғыр» ауылындағы агротехникалық колледж біздің колледждің бөлімшесіне айналды. Агротехникалық бөлімді дамыту жоспарында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдейтін және макарон өнімдерін шығаратын шағын кәсіпорын, сондай-ақ жылыжай орындарын ашу көзделген.

         Колледждерді дамыту үшін оқу министрлігі икемді қаржыландыру моделіне тек мемлекеттік тапсырыстар арқылы ғана емес, сонымен қатар өз өнімін сатудан түсетін кірістер мен жұмыс берушілерден түсетін қаражат есебінен де жұмыс істеуде.

 Заңнамаға енгізілген өзгертулер өз өндірісіміздің өнімдерін сатудан түскен кірісті өз бетінше пайдалануға мүмкіндік беретіні бізді қуантады.

Мысалы, біздің колледжде оқу-өндірістік шеберханалардың қызметі жылына 100 миллион теңгеден астам табыс табуға мүмкіндік береді. Студенттердің үздік Start Up жобалары 2 млн 200 мың теңге көлемінде қаржыландырылды.

Мысалы, біздің колледжде оқу-өндірістік шеберханалардың қызметі жылына 100 млн. теңгеден астам ақша табуға мүмкіндік береді. Студенттердің үздік Start up жобалары 2 млн. 200 мың теңгеден қаржыландырылды.

⚙ Біздің колледж қолданбалы бакалавриаттың интеграцияланған білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысты. 4 жыл ішінде осындай 912 маман шығарылды. Қолданбалы бакалаврларды мақсатты даярлау түлектердің кепілді жұмысқа орналасуын қамтамасыз етеді.

 Бүгінгі таңда колледждердің бейінді жоғары оқу орындарымен сабақтастығына аса қажеттілік бар. Жоғары оқу орындары академиялық кредиттерді қайта есептеуді көздеп, колледж түлектері үшін оқу мерзімін қысқартуы қажет.

⚙... Еңбек нарығының сұраныстарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім өзгерістерге дайын" – деп өз сөзін түйіндеді.

Просмотров: 2264


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст