03.11.2025
Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінде болды. Іс-шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айтпаев Д. және өңірдің білім басқармасының басшысы Балташева Айнагүл қатысты.
Сапар барысында министр колледж қызметімен танысты, құзыреттілік орталықтары мен оқу-өндірістік алаңдарын аралады, студенттер практикалық дағдыларын көрсетіп және инновациялық жобаларды ұсынды. Жұлдыз Сүлейменова білім алушыларды даярлаудың жоғары деңгейін және колледждің заманауи материалдық-техникалық базасын атап өтіп, өңірдің кәсіпорындарымен тәжірибеге бағдарланған оқыту мен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
"Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау-білім беру жүйесінің басымдығы. Министрлік техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға және жастардың әлеуетін ашуға бағытталған бастамаларды қолдауды жалғастырады", - деп атап өтті министр.
Орта, техникалық және кәсіптік және мектепке дейінгі білім беру өкілдерімен, халықпен кездесу өтті.