АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Химия» пәнін оқыту туралы

22.12.2021

 

Әрине, әр ұстаз өзінің оқытатын сүйікті пәні шәкірттеріне де қызықты болғанын қалайды. Сондықтан да оқытудың жаңа әдістерін, жаңа тәсілдері мен идеяларын іздейді.

 Мен Көкшетау қаласы, жоғары техникалық колледжінің химия пәнінің оқытушысымын. Бұл пән көп адамды қызықтыра бермейді, кейде мүлдем түсініксіз. Мен студенттердің химия пәніне деген қызығушылықтарын оятып, айналамыздағының бәрі химия, бүкіл өмір химия, тіпті өміріміздің кейбір сәттері химиясыз мүмкін емес екенін жеткізгім келеді.   

 Химия көп нәрсені түсіндіреді: организмде болып жатқан барлық процестерді химия арқылы түсінеміз, әрине, биологиямен бірге, ауруға шалдыққан жағдайда химиялық қосылыстардан тұратын дәрі-дәрмекпен емделеміз, барлық пластикалық контейнерлер, пасталар, кремдер, сусабындар мен азық-түлік құрамында «химия» бар және бұл тізімге қосуға болатын барлық нәрсенің аз ғана бөлігі.  

Сабағымды қызықты сұрақтан немесе әңгіме айтудан бастаймын, бірақ студенттердің сабақта жай отырмай, қызығушылық танытуы үшін әңгімені соңына дейін айтпаймын. Әрине, сабақтың соңында студенттердің өздері тапсырмаларды орындау барысында құпияны ашады.  

Оқушыларды қызықтыру үшін оқу сабақтарында зерттелетін тақырыпты қазіргі өмірімізбен салыстыра отырып өткізуге тырысамын. Әрине, химия сабақтарынан барлығы қызықты эксперименттер күтеді, балалар керемет көріністер көргісі келеді, алайда оның бәрін әрдайым өздері іске асыра алмайды. Осындайда бейне-тәжірибелер мен сайттардың көмегі зор, мұнда химияға қызығушылық танытқан адамдардың өз бақылауларын, кіріспе видеолар мен тарихи фильмдерді көруге болады. Оларға үлкен рақмет! 

Сондай-ақ, сабақ барысында адамзат өмірінде маңызды болып табылатын қажетті дағдылар мен білімді дамыту үшін тапсырмалардың әртүрлі формаларын, сараланған тапсырмаларды қолдану қажет.

Химия сабағын ойын түрінде өткізген тиімді деп ойлаймын («Өз ойыным», «Мықты топ», «Не? Қайда? Қашан?» және т.б.), бәсекелестік сезімі оқушылардың бойында жаңа, қызықты нәрсені білуге, өзін жақсы жағынан көрсетуге деген ұмтылысын арттырады.   

Қолмен ұстап көрсетуге мүмкіндік болмаған жағдайда көрнекі құрал ретінде плакат, кесте, презентациялар мен таблицаларды қолдануға болады.

Сабақ барысында әртүрлі типтегі тапсырмаларды қолданамын. Мысалы, жалпылау тапсырмалары химиялық элементтердегі, қосылыстардағы және т.б. белгілер немесе қасиеттерді ажыратуға мүмкіндік береді.

«Үшінші артық» тапсырмасы ұсынылған элементтердің немесе заттардың ұқсастығын немесе айырмашылығын тану қасиетін арттырады. «Крестики-нолики», «Білім ағашы», «Химиялық алфавит» тапсырмалары, оқушылардың білімін өлеңдер немесе әндер арқылы тексеруге, қауіпсіздік техникасын поэтикалық түрде бастауға болады, мұндай әдістер белгілі бір құрылғыны немесе затты пайдалану ережелерін қарапайым оқудан гөрі тиімдірек. Мұның бәрін химияны үйренудің бастапқы кезеңдерінде қолдануға болады.

Студенттерге жаңа тақырыптан белгісіз бір сөзді айтып, осы сөзбен қандай ассоциациялар бар екенін сұраған қызықты. Сабақтың соңында айтылған ассоциялар кей кездері күлкілі болып шығады.

Білім деңгейі әртүрлі студенттерді біріктіріп, жұппен, не болмаса топпен жұмыс істеймін. Бұл жағдайда студенттер бірін-бірі үйрете алады, әлсіз студенттің оқуға деген ынтасы артады.

Мұғалім – студенттің танымдық іс-әрекетін дамыту үшін үнемі ізденіс үстінде жүретін, жаңашылдыққа құмар шығармашыл жан.      

   Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінің химия пәнінің оқытушысы Кленько Елена Сергеевна

Просмотров: 196


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст