Текст
2020 жыл тарихқа еніп, қызыққа және жетістіктерге мол, нәтижелі, әрі ерекше болды. 2020 жыл "Еріктілер жылы", Абай Кұнанбаевтың 175 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын іске асыру үшін тәуелсіздікті, бастамашылдықты, ұтқырлықты, бәсекеге қабілеттілікті қалыптастыра отырып, әрбір студент тұлғасының шығармашылық дамуы бойынша жаңа мүмкіндіктер ашты. Бұл қасиеттер Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінің әрбір түлегіне қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие болу үшін қажет. Колледжде ертеңгі күнге сеніммен қарау, жоғары білікті инженерлік-педагогикалық ұжым, заманауи материалдық-техникалық база, ең жақсы студенттер, дамудың айқын және нақты жоспарлары, оларды іске асырудың нақты мүмкіндіктері бар.