АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құрметті әріптестер, достар !

26.05.2026
Екі апта бойы Ақмола облысы, Көкшетау қаласы «DOSTI Skills Kokshetau 2026» халықаралық салалық чемпионатының қатысушыларын, сарапшыларын қарсы алып, үлкен маңызды шараның куәсі болды. Ақмола облысының білім басқармасы басшылығына, колледж директорларына өз атымнан, Көкшетау жоғары техникалық колледж ұжымының атынан шынайы алғысымды білдіремін!
Колледждің әлеуметтік серіктестерінің демеушілік қолдауына алғыс білдіреміз:
ЭКО DUMP» ЖШС жетекшісі, «Kazakhstan Innovations» қоғамдық қорының төрайымы Абишева Мариям Серікқызына.
«Тыныс» акционерлік қоғамының бас директоры Калманбаев Қайрат Жаныбайұлына.
«Гормолзавод» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жетекшісі Жақсылықов Ерсаин Дулатұлына.
«Әлемге жол» жарнама агенттігінің жетекшісі Мұхамедрахимова Анаргүл Қайыржанқызына.
«ЗАВОД КАЗАГРОМАШ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жетекшісі Борко Виталий Александровичке.
«Respublica» партиясы қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалының төрағасы Тукмагамбетов Алмат Қайыргелдіұлына.
«DOSTI Skills Kokshetau 2026» халықаралық салалық чемпионатын жоғары деңгейде ұйымдастырып, өткізу барысында көрсеткен қолдауларыңыз, көмектеріңіз бен сенімдеріңіз біз үшін аса маңызды болды. Осындай ауқымды халықаралық шараны бір ғана оқу орнының күшімен өткізу мүмкін емес. Халқымыз айтқандай, «Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас». Чемпионаттың табысты өтуі – баршамыздың ортақ еңбегіміз бен бірлігіміздің нәтижесі.
Сіздердің жанашырлықтарыңыз, кәсіби қолдауларыңыз және бірлескен жұмыстарыңыздың арқасында чемпионат қатысушылар мен қонақтар үшін жарқын әрі маңызды оқиғаға айналды.
Ынтымақтастығымыз нығайып, алдағы уақытта да ортақ жобаларымыз жемісті болсын!







Просмотров: 114


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст