Online және қашықтықтан оқытуға көшуге дайындық кезінде колледж әкімшілігі мен оқытушылары Білім және Ғылым Министрлігінің бірыңғай ұсыныстарын ескеріп, үлкен жұмыс атқарды. Оқу бағдарламасы студенттер мен оқытушылар үшін барынша ыңғайлы түрде құрастырылған. Online сабақтар мен қашықтықтан оқыту кезінде оқытушылар мен студенттер түрлі білім беру контенттерін, соның ішінде интерактивті жаттығулар, жаңа материалдың игерілуін анықтау үшін тест тапсырмаларын белсенді пайдаланады. Қазіргі әлемде адам барлық ақпараттық технологияларды қолдана алады. Мұның бәрі біздің өмірімізді түрлендіріп ыңғайландырады. Қосымша материал ретінде оқытушылар студенттерге арналған бейнесабақтарды жүйелі түрде әзірлеп колледж сайтында http://pt0008.kokshetau.aqmoedu.kz/, SmartNation College электрондық журналында https://college.snation.kz/ru/tko , You tube арнасының бейне хостингінде https://www.youtube.com/.../UCM-8M3NlOfebVPzQdTpIxGA/videos, "Талап" КЕАҚ сайтындағы бейнесабақтар тізілімінде орналастырылады. Әріптестерімізге жаңа кәсіби жеңістер мен күш қуат тілейміз!