АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Педагог-модератор біліктілік санатын беру туралы аттестаттау комиссиясының отырысы

25.12.2020

2020 жылдың 23 желтоқсанында Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы "Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі" МКҚК-да педагог-модератор біліктілік санатын беру туралы аттестаттау комиссиясының отырысы онлайн форматта өтті. Аттестаттаудың екінші кезеңі педагогтердің өтініші негізінде ұлттық біліктілік тестілеуінің оң нәтижесі болған кезде – "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 14 мамырдағы № 202 бұйрығы негізінде өткізілді. Педагог-модератор біліктілік санатына үміткер педагогтар өздерінің жетістіктерін аттестаттау комиссиясының мүшелеріне таныстырды . Аттестаттау комиссиясының шешімімен: тарих пәнінің оқытушысы Қали Д. Ж., арнайы пәндер оқытушысы Сабиров М.К., арнайы пәндер оқытушысы Асылбекова Н.У., арнайы пәндер оқытушысы Абишева Г. С., арнайы пәндер оқытушысы Лузгарева Н. В., арнайы пәндер оқытушысы Карибаева Р. К., арнайы пәндер оқытушысы Умурзакова А.Н. өндірістік оқыту шеберлері Блялов А. С. және Қадырбекова Ф. Ж. педагог-модератор біліктілік санаты берілді. Құттықтаймыз!

Просмотров: 367


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст