«Тәуелсіз ел – Қазақстан»
Тәуелсіздік – халқымыздың
бостандығы мен дербес даму
жолындағы сан ғасырлық
күрес тарихының нәтижесі.
Н.Ә.Назарбаев
Еліміздің тәуелсіздігі – ата-бабамыздың асқақ арманынан туындаған, бүгінгі ұрпақ қол жеткізген ұлы жеңіс. Тәуелсіздікпен бірге ел тарихына, көп ұлтты Қазақстан мемлекетіне ұлы жаңалықтар қоса кірді. Ұлы байтақ жері бар, сабырлы да еркін халқы бар үлкен мемлекеттің өзгеге ұқсамайтын тарихы, қалыптасу, даму жолы да ерекше болды. Ата-бабадан қалған ұлан-ғайыр жерді игеріп, дербес мемлекет ретінде өз билігімізді сақтай отырып, өзгеге көңіліміз ашық, дастарханы, қолы жомарт халық ретіне дамып жатқан еркін елміз. Ағымды жылдың 15 желтоқсан күні А-19 тобындағы сыныптан тыс сағат Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесіне арналды. Сынып сағаттың мақсаты студенттерге қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын жылдары елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу. Тәуелсіз Қазақстанның 29 жыл ішіндегі қол жеткен жетістіктерімен таныстыру, олардың бойында отансүйгіштік-патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.