АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар

21.12.2020

Қазақстанның Тәуелсіздік күні - Қазақстан Республикасының негізгі ұлттық мейрамы.

Ел тұрғындары бұл датаны жыл сайын 16 желтоқсанда атап өтеді. 3-16 желтоқсан аралығында Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар өтті.

Оқу топтарының топ жетекшілері, әлеуметтік-экономикалық пәндерінің ОӘБ оқытушылары, колледж студенттері іс-шараларды дайындауға және өткізуге белсенді қатысты. Іс-шаралардың мақсаты - өз Отанына деген патриоттық сезімді, азаматтық борыш сезімін, болашақ алдындағы жауапкершілікті қалыптастыру. Тарих алдында бәріне жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Іс-шаралар барысында біздің мемлекеттің негізгі кезеңдері тәуелсіздік алғаннан күннен бастап бүгінге дейін жарияланды.

Елбасы Н.А.Назарбаевтың Қазақстанның жетістіктерінде жеке үлестері және оның жеке басының тарихтағы орны көрсетілді. 1-5 курстың топ жетекшілері, тарих пәнінің оқытушылары топ студенттерімен бірге «Туған елім–тірегім, өнер білім-бұлағым», «Тәуелсіз Қазақстан», «Бір Қазақстан» тақырыптарында сыныптан тыс сағаттар, интеллектуалды ойындар, викториналар өткізді: Студенттер Қазақстан тарихын жақсы білетіндіктерін көрсетті, Тәуелсіздік жылдарындағы мемлекетіміздің жетістіктері туралы, тәуелсіздік жолында қазақстандықтардың басына түскен қиындықтар туралы, одан әрі даму перспективалары туралы мазмұнды талқылаулар жасады. Оқу топтарының студенттері «Тәуелсіз ұлт көшбасшысы», «Менің Қазақстаным» (мемлекеттік және орыс тілдерінде) патриоттық өлеңдеріне челлендж ұйымдастырды. Дене шынықтыру пәнінің оқытушылары Таласбаева С.К., Щавинский В.И., және Кельш А.В. «Спорт. Жастық. Салауатты өмір салты» тақырыбында 1-2 курс студенттерінің қатысуымен онлайн-спорттық ойынын өткізд». Іс-шараның барлық қатысушылары Алғыс хаттармен және сертификаттармен марапатталды.

ТІ жөніндегі басшының орынбасары К.Алиева.

Просмотров: 405


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст