Ғасырлар бойы ата-бабамыздың аңсап кеткен, біздің қолымыз жеткен Ұлы мерекеміз — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні келіп қалды. Тек тәуелсіздіктің арқасында ғана қазір Қазақстанды барлық ел біледі. Тәуелсіздік деген — қандай тәтті ұғым! Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Б.А. Жүсіповтың қатысуымен онлайн іс-шара өтті.
"Халық алғысы" медалімен ақпараттық жүйелер және бағдарламалау бөлімінің меңгерушісі Тарасевич Ия Владимировна марапатталды. Бұл Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 8 маусымдағы Жарлығына сәйкес құрылған Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы.... "Халық алғысы" медалімен білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларында жемісті жұмыс істейтін, сондай-ақ Covid-19 пандемиясымен күресте ерекше көзге түскен Қазақстан Республикасының азаматтары наградталады.
Ақмола облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлері арасындағы "Үздік өндірістік оқыту шебері-2020" облыстық байқаудың қорытындысы бойынша өндірістік оқыту шебері - Батаев Болат Естайұлы 2 дәрежелі дипломмен және 100 000 теңге сомасындағы сертификатпен марапатталды.
"Үздік кәсіби бағдар беруші" номинациясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының үйлестірушілері арасында 2 дәрежелі дипломмен және 70 000 теңге сомасындағы сертификатпен кәсіби бағдар және мансап бөлімінің меңгерушісі Ибраев Бауыржан Қайыркенұлы марапатталды.
Тәуелсіздік күні қарсаңында колледж оқытушылары Ақмола облысы білім басқармасының, Нұр-сұлтан қаласы және Ақмола облысы Білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің кәсіби одағының Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен және ЖТК-К басшысының алғыс хаттарымен марапатталды.