Ресей мен Қазақстан арасындағы экология және жасыл өсім саласындағы аймақтық ынтымақтастық форумы аясында облыстың жас педагогтарының «Заманауи жағдайда экологиялық мәдениет пен экологиялық дүниетанымды қалыптастыру» атты кезекті форумы қашықтықтан өткізілді. Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінің жас оқытушылары форумға белсенді қатысып "Жасыл стартап/жоба" номинациясы бойынша тарих пәнінің оқытушысы Қали Дәмежан Жоламанқызы I дәрежелі дипломмен, арнайы пәндер оқытушысы Умурзакова Ақмарал Нұрланқызы II дәрежелі дипломмен және арнайы пәндер оқытушысы Нигматулина Юлия Евгеньевна, дене шынықтыру оқытушысы Кельш Александр Викторович, география пәнінің оқытушысы Ермолаева Татьяна Владимировна III дәрежелі дипломдармен марапатталды. «Оқытудың интерактивті әдістерін, ақпараттық технологияларды жүйелі пайдалану» номинациясы бойынша арнайы пәндер оқытушысы Сабиров Малик Кайратович грамотамен марапатталды. Әріптестерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!