АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Онлайн ата-аналар жиналысы

11.12.2020

2020 жылдың 9 желтоқсанында колледж басшысының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары К.М. Алиева және А-20 тобының топ жетекшісі Рахимжанов А.Т. және З-ТТ-20 тобының топ жетекшісі Саттаров М.Р. бірлесе отырып ZOOM платформасында ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібінде қарастырылған сұрақтар: "Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжі студенттерінің ішкі тәртіп ережелері туралы", "Қашықтықтан оқыту кезіндегі студенттердің психологиялық жайлылығы", "Қашықтықтан оқыту кезіндегі қараша айы бойынша ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау". Оқу топтарының ата-аналары ішкі тәртіп ережелерімен, ата-аналар мен студенттердің құқықтары және міндеттері, жауапкершілігі, студенттерді қабылдау және оқудан шығару туралы мәліметтермен таныстырылды. Топтардың ата-аналары толғандыратын мәселелерді талқылауға ықыласпен қатысып, төменгі сұрақтар бойынша талқылау жүргізілді: - Оқудан шығару ережелері қандай? - Ата-аналар балалардың қашықтықтан оқытылуында қандай рөл атқарады? - Студенттер оқшаулау режимін қалай сезінеді? Жиналыс барысында ата-аналардан қашықтықтан оқытудың тиімділігін арттыруға ықпал ететін ұсыныстар келіп түсті. Оқу және тәрбие процесін сапалы құру үшін кері байланыс өте маңызды.

Просмотров: 338


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст