Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінің физика және математика пәні оқытушысы Жакишева Сымбат Азнабаевна «Жаңартылған білім беру жүйесінің басты сипаты және жаңаша бағыттары» атты әдістемелік құралын әріптестерімен бірге ұсынып отыр. Әдістемелік құрал білім саласының физика-математика пәнінен сабақ беретін педагогтарға арналған. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, 10 рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі. Білімді ұжымдық және жеке дара қабылдау тәсілдерін тиянақты меңгерту, оқушыларды үздіксіз білім алуға дайындау барысында қолданылатын жан-жақты әдіс-тәсілдер берілген, жақсы түсіндірілген.